ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің Шымкентке жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің, сондай-ақ мектеп директорларының, білім бөлімі мен басқармасы басшыларының қатысуымен білім беру саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңес өтті.

PISA жаһандық зерттеу және МОДО ішкі бағалау жүйесінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы мектептердің нәтижелеріне қатысты сұрақ көп. Тежеуші факторларды анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігі сегіз негізгі бағыт бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау және бағалау жүргізді. Бұл кадрлық құрам, білім алушылар контингенті, құрылтай және құқық белгілейтін құжаттардың болуы, Оқу процесі, тәрбие жұмысы, оқу-материалдық активтер, білім алушыларға жағдай жасау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Министрлік білім беру сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асырды. Біздің ортақ мақсатымыз – балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ол үшін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген дұрыс бағдарларды анықтау қажет. Тексеру нәтижелері бойынша білім басқармасы түбегейлі шаралар қабылдауы қажет», - деді Ғани Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін министрлік өткен жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде білім беру аудитін қайта бастады. Алғашқы талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, өткен жылдың сәуір айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған тетіктерді әзірлеу жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ