Түркістан облысының мұғалімдері Түркияда тәжірибе алмасты

Түркістан облысының мұғалімдері Түркияда тәжірибе алмасты

Түркістан облысының 40  педагогы Түркия Республикасында тәжірибе алмасты. Халықаралық бағдарлама Елбасының Жолдаудағы ұстаз мәртебесін көтеру туралы тапсырмасынан сәйкес жүзеге асып отыр.

Басты мақсат екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланысты дамыту. Түркістан облысының он алты ауданынан келген ұстаздар сапардың алғашқы күнінде Ыстамбұлдағы Абай атындағы мектепке барды. Сондай-ақ, бір апта бойы түріктің белді оқу орындарын аралап, білікті мамандарынан арнайы дәріс алады. Мұндағы мемлекеттік және жекеменшік мектептердегі оқу үрдісімен танысты. Айта кеткен жөн, өткен жылдың өзінде 150-ге жуық мұғалім Түркияның бірқатар оқу орындарында тәжірибеден өткен.

Дереккөз: 24.kz