ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 50-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ЖҮГІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 50-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНЕ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ЖҮГІНДІ

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 50-ге жуық тұрғын өз сұрақтарына толық жауап ала алды.

Ведомство басшысымен бір мезгілде тұрғындар бірінші вице-министрге, комитет төрағаларына және департамент директорларына жүгіне алады. Азаматтарды қабылдайтын ашық алаңда азаматтар қажетті кеңестер мен өздерін толғандыратын сауалдарына жауап алды. Олардың көпшілігі жұмысқа орналасу, инфрақұрылымды дамыту, құқық бұзушылықтар, әлеуметтік көмек алу, балалардың құқықтарын қорғау, тәрбие жұмысы және т.б. қатысты болды.

Бес сағат ішінде министрлік өкілдері азаматтардың өтініштерін пысықтады. Олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Оқу-ағарту министрі мен орынбасарлары еліміздің барлық 20 өңірінде болды. Халықпен кездесулер ұйымдастырылып, 500-ге жуық азаматты жеке қабылдау өткізілді. Келіп түскен өтініштерге жедел ден қою мақсатында қабылдаулар министрлік ғимаратының өзінде, сондай-ақ Азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталықтарында, сондай-ақ қоғамдық қабылдауларда өтеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ