Үздік сабақ жоспары 2017 – BilimLand қолданушыларының таңдауы

Үздік сабақ жоспары 2017 – BilimLand қолданушыларының таңдауы

Біздің сайтымыздың техникалық мүмкіндігі артты, ендігі уақытта сайтымызға тіркелген кез келген қолданушы «Мұғалім парақшасы» бөліміндегі тест жұмыстарын, сабақ немесе тәрбие  сағаты жоспарын «лайк» басу арқылы бағалай алады. Жұмысты бағалау үшін сайтқа жазылу міндетті емес, тек сайтқа тіркелсеңіз жеткілікті.

    Сайтқа тіркелу қиын емес: тіркелу үшін оң жақ жоғарғы бөліктегі «Кіру» батырмасын басасыз, «Тіркеліңіз» батырмасын таңдап, қажетті жолдарды толтырғаннан кейін тағы да «Тіркелу» батырмасын басасыз. Поштаңызға тіркелімді растау туралы хат алғаннан кейін берілген сілтемемен өтіп сайтқа кіре беруіңізге болады.

Ең үздік сабақ жоспары bilimland.kz сайтының қолданушыларының «лайк» санымен анықталады. Жарысқа дәстүрлі «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан мұғалімдердің «Мұғалім парақшасында» жарияланған сабақ және тәрбие сағаты жоспарлары, ҰБТ тест жұмыстары қатыса алады.

Байқау мерзімі: 6.10.2017–21.12.2017

Жүлде:  Диплом және электроника дүкеніне сертификат (100 000 теңге).

Ескерту!

Жұмысты жариялауда сабақ жоспарының мазмұны, безендірілуі және сурет сапасы ескеріледі. Жұмыстар Bilim Media Group  компаниясының ішкі ережелеріне сәйкес,  бекітілген кесте бойынша жарияланады. Сайтта сабақ жоспарын жариялау туралы шешімді компания қабылдайды.

0Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу