WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023 ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТТАРЫ БАСТАЛДЫ

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023 ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТТАРЫ БАСТАЛДЫ

WorldSkills Kazakhstan-2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаттары биыл наурыздың 27 мен сәуір айының 28-і аралығында өтеді. Конкурсқа қатысатын үш мыңнан аса студент пен бес мыңнан астам оқушы 30 құзырет бойынша жарысады. Оның ішінде кірпіш қалау, құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника және жылыту, әрлеу жұмыстары, бизнеске арналған IT-шешімдер, ЧПУ станоктарымен темір кесу, CAD инженерлік графикасын пайдалану т.с.с жұмыстар көрсетеді.

Бірқатар өңірлерде чемпионат келесі 5 бағытты қамтиды. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары үшін «BabySkills», облыс мектептерінің оқушылары үшін «JuniorSkills», ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін «Abilympics», аграрлық колледж студенттері үшін «AgroSkills» бағыты.Сарапшылар қатарында тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері, педагогтер мен жұмыс берушілер болады.

Өңірлік конкурстың жеңімпаздары биыл маусым айында өтетін WorldSkills Kazakhstan — 2023 республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысады. Халықаралық чемпионат Польшада 2023 жылдың қыркүйегінде өтеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ