ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

Елімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі басталуда. Облыстық кезеңге республиканың барлық аймақтарынан 40 000-нан астам оқушы қатысады. Пәндік олимпиада дәстүрлі форматта екі турда өткізіледі. «Физика» және «Химия» пәндері бойыншаэксперименттік турлар жүреді.

Олимпиаданың үшінші кезеңінің әрбір қатысушысы жеке жұмыс орнымен, жауап парақтарының бланкілерімен, оның оқу тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтамасыз етіледі. Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданың өту процесі онлайн режимде көруге арналған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Олимпиада барысын қадағалау үшін ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және ЖОО оқытушылары шақырылады.

Турлар аяқталғаннан кейін тапсырмалар «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында орналастырылады.

Айта кетсек, оқушылардың республикалық олимпиадасы 15 жалпы білім беретін пән бойынша өткізіледі. Олимпиаданың бірінші (мектептік) кезеңінде 282 090, екінші (аудандық) кезеңінде 94 000 оқушы қатысты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ