Биылғы жылдың 4-11 желтоқсаны аралығында қазақстандық оқушылар «Код сағаты» бүкіләлемдік акциясына үн қосады. Ол инновациялық технологиялар туралы білімді ерекше форматта таратуға бағытталған. Апталық оқыту акциясын Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
«Бүкіләлемдік «Код сағаты» акциясы Қазақстанда 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы оған еліміздің әрбір оныншы оқушысы қатысты, биыл біз жарты миллионнан астам оқушы қатысады деп күтудеміз. Басты мақсат - оқушыларда компьютерге немесе интернетке қолжетімділіктің болмауына қарамастан, IT саласына барлық тілек білдірушілерді тарту, бағдарламаларда балалар үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Қазірдің өзінде біз информатика пәнінің мұғалімдерін сабақ беруде инновациялық тәсілдерді қолдануға ынталандырудамыз. Ол үшін біз «Дарын» өңірлік орталықтарымен бірлесіп бүкіл ел аумағында семинарлар мен дәрістер өткізудеміз. Мұғалімдерге толық сабақ жоспары ұсынылады. Биылғы жылы тақырып жасанды интеллектке арналған», - дейді қордың негізін қалаушылардың бірі Асылбек Мұрзахметов.
Бұл шара еліміздің барлық мектептерінде информатика сабақтары аясында өтеді. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысады. Ең белсенді оқытушылар мен қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінен сертификаттар табысталып, FIRST жарыстарына қатысуға мүмкіндік беріледі.