“Үздік Online Mektep 2020” республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды!

“Үздік Online Mektep 2020” республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды!

2020 жылдың 2 қазанынан бастап 5 қараша аралығында «Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы өтті. Бұл Қазақстанның барлық OnlineMektep платформасына қосылған кез келген мектебіне 15  BilimBook Интерактивті панелдерін ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік.

 

Байқау мақсаты: OnlineMektep.org порталында қашықтан оқытудың деңгейі мен сапасын арттыру.

 

Байқау шарттарына сәйкес, жеңімпаздар ҚР әр облыс бойынша кездейсоқ сандар генераторы көмегімен  анықталды.

Қазақстан Республикасының әр облысынан OnlineMektep.org платформасына қосылған 1 мектеп байқау жеңімпазы атанды.

 

Байқау жеңімпаздары: 

 

Қостанай облысы - «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №5 орта мектебі» ММ

Батыс Қазақстан облысы - «Казталов аудандық білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Шымкент қаласы - Шымкент қаласының білім басқармасының «Т.Tәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Шығыс Қазақстан облысы - Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ

Павлодар облысы - «Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» ММ

Қызылорда облысы - «Қазалы ауданының білім бөлімінің Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейі» КММ

Ақмола облысы - Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ

Атырау облысы - «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін Мақаш Бекмұханбектов атындағы орта мектеп» КММ

Ақтөбе облысы - «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Алматы облысы - «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Түркістан облысы - Түркістан қаласы әкімдігінің адами капиталды дамыту бөлімінің «Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп» КММ

Нұр-Сұлтан қаласы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» ММ

Алматы қаласы - Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғабит Мусірепов атындағы №86 мектеп-гимназия» КММ

Маңғыстау облысы - Қарақия аудандық білім бөлімінің «Құрық орта мектеп - гимназиясы» КММ

Солтүстік Қазақстан облысы - «Покровка орта мектебі» КММ

 

 

Пандемия жағдайы бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін қиындық туғызғанына қарамастан, OnlineMektep порталында қашықтан оқытудың деңгейі мен сапасын арттыру үшін ұйымдастырылған «Үздік Online Mektep – 2020» республикалық байқауында белсенділік танытып, жеңіске жеткен жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға айтар алғысымыз шексіз!