Жаңа заң қабылданған соң мұғалімдердің жалақысы қанша болуы тиіс?

Жаңа заң қабылданған соң мұғалімдердің жалақысы қанша болуы тиіс?

Ұстаздардың орташа жалақысы 300 мың теңгеден кем болмауы керек.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын даярлау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері осылай деп отыр. Қазіргі уақытта елімізде мұғалімдердің еңбекақысы орта есеппен 102 мың теңге. Заң жобасына қатысты Республиканың түкпір-түкпірінен педагогтар 40 мыңнан аса ұсыныс жолдаған. Соның 75 пайызы жалақы мәселесіне тіреліпті. Сондай-ақ, мұғалімдерді мектептен тыс жұмыстарға тарту да талқыға түсіп жатыр. Айгүл Мұқашева, ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары: Ұстазды өзіне тән емес жұмысқа тартатын болса, онда лауазымды тұлғаға алдымен ескерту жасайды. Екінші рет тартатын болса, онда административті штраф салады. Оның мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш, ол 25 250 теңге.

Дереккөз: astanatv.kz

Пікірлер10

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
Сейдахметова Елена
Сейдахметова Елена
2019-03-13T05:37:19.000000Z
Мен де қосыламын. Мұғалімнің еңбегінің өлшемі жоқ Қағаз бен қалам , парақ пен кітап арқалап білім беріп жүрген ұстаздардың мәртебесі өссе екен дймін
Рысалды Исбаева
Рысалды Исбаева
2019-03-04T02:39:24.000000Z
Білім саласындағы жаңалықтарды қолдаймын . Электронды журналды толтыру бұрынғы сынып журналын тотырудан да көп уақытты алады ,себебі журнал парақшалары неше мәрте қайталап ,, басуды,, талап етеді, уақыт жоғалтамыз және интернетке журналға қарағанда қаражат көп жұмсалады
mektep229.28 Шайманова
mektep229.28 Шайманова
2019-03-01T14:18:04.000000Z
қолдаймын!
КУЛЖАХАН КУТТИБЕКОВА
КУЛЖАХАН КУТТИБЕКОВА
2019-02-27T16:31:40.000000Z
Қосыламын. Осы заң қабылданса!
zha.3847
zha.3847
2019-02-27T14:34:16.000000Z
Өте орынды, барлығы жалықыға тіреледі. Жаңартылған бағдарламамен оқыту үшін қаншама қағаз, көрнекілік метериалдар, стикер, ватман, т.б. сатып алу қажет, сонымен қатар бүгінгі таңда орташа айлық 102 мың теңгемен өмір сүру өздеріңізге белгілі.
Айнур Сарсенбай
Айнур Сарсенбай
2019-02-27T10:57:29.000000Z
Мұғалімнің еңбегін лайықты бағалаңыздар!!!
Айнур Сарсенбай
Айнур Сарсенбай
2019-02-27T10:52:51.000000Z
Мұғалімң еңбегін мұғалім болып жұмыс жасаған адам ғана түсінеді . Таңның атысынан күннің батысына дейін мектепте жүреді. Алатын айлықтары кредиттен,қарыздан аспайды. Келесі айлыққа дейін ақшаларын жеткізе алмай қыйналады.
замзагул Жумабаева
замзагул Жумабаева
2019-02-26T15:54:29.000000Z
орынды айтылган
Жубайла Ускембаева
Жубайла Ускембаева
2019-02-26T11:07:52.000000Z
300 мың теңгеден кем болмауы керек.
Ерболат Асылбеков
Ерболат Асылбеков
2019-02-26T09:28:31.000000Z
Бұл мақала ең бірінші оқығанда күлкімді келтірді. Жалпы жақсы айтылған, жұмыс істеп жатқан адамдар үшін үлкен импульс болары сөзсіз. Ұстаздар атақты ғалымның, инженердің, суретшінің, мұнайшының, әншінің, машинисттің және бір сөзбен айтқанда барлық мамандық иесінің алғашқы бағдар берушісі, сол себепті елдің өркендеуі үшін ең бастысы білім беру саласына дұрыс көңіл бөлінгені жөн.