Жастар жылы аясында Павлодарда неке қию залы ашылды

Жастар жылы аясында Павлодарда неке қию залы ашылды

Ақсуда Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайы ғимаратының жанынан АХАЖ бөлімі ашылды.

 «Азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі адам өмірінің ең маңызды белесі - отбасын құру рәсімінің ерекше қуаныш екенін айшықтау, ұмытылмастай есте қалдыру үшін қызмет ететін болады. Жаңадан еңсе тіктейтін бөлімде азаматтық хал-актілерін жазу қызметі үшін барлық жағдай жасалмақ. Жаңа орын некеге отыратын жастардың көбейіп, берекесі мықты отбасылардың қатарын толықтыратынына сенімдімін»,-деді нысанның ашылу салтанатына қатысқан Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев.  АХАЖ бөлімінің көгілдір лентасы қиылған соң Асылбек Қабдраш пен Оралсын Нұрқабыл алғашқы болып жаңа туған нәрестесі - Айзеренің туу туралы куәлігін алды. Қала әкімі жас ата-анаға денсаулық пен бақыт тілеп, сәбидің туу туралы куәлігі мен мен естелік сыйлық табыс етті. Металлургтер шаһарында жыл сайын отбасын құрғандардың саны артып келеді. Мысалы, 2017 жылы 461 неке қиылса, 2018 жылы 490 отбасы, ал биыл қаңтар айында отыз жас отау шаңырақ көтерген. Жас жұбайларға ізгі тілектерін Ақсу ферроқорытпа зауыты кәсіподақ ұйымының төрағасы Николай Сухотерин, қалалық «Нұр - Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рымкеш Сламбекова және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынұлы білдірді. Айта кетерлігі, бұған дейін АХАЖ бөлімі ыңғайсыз әрі тар ғимаратта орналасқан еді және неке қию залы болмаған. Тұрғындар тарапынан бірнеше жыл қатарынан көтеріліп келе жатқан мәселе биыл шешімін тапты. Жаңа орын жалпы аумағы 130 шаршы метрді алады. Бұл жерде неке қию залы, мұрағат және бірнеше кабинет орналасқан.  


Дереккөз: pavlodarnews.kz

Пікірлер2

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
Ерболат Асылбеков
Ерболат Асылбеков
2019-02-15T09:57:59.000000Z
Бұл ашылған АХАЖ бөлімі көп ұзамай телеарна жаңалықтарынан бірақ шықты. Спорт орталығында үйлену рәсімдерін өткізген дұрыс болмады, себебі жас балалар спорт үйірмелеріне жаттығуға барады, олар үйленген жастардың бір бірін сүйіп жатқанын амалсыздан көруге мәжбүр. Аталмыш спорт орталығының тренері де осы мәселені айтып өткен еді.
АЙМАН ОНДЕР
АЙМАН ОНДЕР
2019-02-11T12:02:37.000000Z
Жақсы жаналық!