Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысының Қоянды ауылындағы мектеп педагогтерімен кездесті

Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысының Қоянды ауылындағы мектеп педагогтерімен кездесті

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қоянды ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектепке барып, педагогикалық ұжыммен кездесті.Кездесу барысында мектеп білімін дамытудың өзекті мәселелері, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны, оқу процесін ұйымдастырудағы өзгерістер, сондай-ақ оларды мектеп тәжірибесінде іске асыру мәселелері талқыланды.Шара ашық диалог форматында өтті. Педагогтер министрге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру процесін жетілдіруге қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.Педагогикалық қауымдастықпен кері байланыс орнатуға ерекше назар аударылды. Мұғалімдермен тікелей диалог олардың тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеруге және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ