ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ ЕКІ АЙМАҚ АНЫҚТАЛДЫ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ ЕКІ АЙМАҚ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгінгі күнге техникалық және кәсіптік білім алған қазақстандық студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 77%-ға жетті. Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуының ең көп үлесі Павлодарда 92%, Шығыс Қазақстан облысында 91% құрады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Биылғы оқу жылында еліміздің колледждеріндегі мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға дейін артты. Дуальды оқытуды дамыту үшін биыл кәсіпорындар тапсырысы бойынша мамандарды даярлауға 10 мың орын бөлінді. Бұл ретте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін қамтудың жоғары деңгейі - Ақмола (87%) және Ақтөбе облыстарында (85%) байқалады.

2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр, оның 70%-ы техникалық мамандықтарға бағыталады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ