Жыл басынан бері қазақстандық мектеп оқушылары 228 медаль жеңіп алды, оның ішінде 23-і алтын, 71-і күміс және 134-ы қола медаль. Жыл соңына дейін тағы бес халықаралық олимпиадаға қатысу жоспарлануда.Жалпы жыл басынан бері еліміздің намысын 737 оқушы қорғады. Олар:• Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы;• Математикадан халықаралық "Жібек жолы" олимпиадасы;• Математикадан Балкан олимпиадасы (BMO);• Химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы;• Физикадан Азия олимпиадасы (APHO);• Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша "Туймаада" халықаралық олимпиадасы;• Математика, физика және информатикадан Жәутіков олимпиадасы;• Жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO);• Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO);• Географиядан Еуропалық олимпиада (EGeo);• Еуропалық физикалық олимпиада (EuPho);• Әл-Хорезми атындағы математикадан халықаралық олимпиада;• Әл-Бируни атындағы химиядан халықаралық олимпиада;• Болгарияның математикадан халықаралық жарыстары және сол сияқты бірқатар құрлықтық олимпиадаларға қатысты.Сонымен қатар, 23 оқушы ең беделді бес IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO халықаралық олимпиадаларында 19 медаль жеңіп алды. 10 қыркүйекке дейін географиядан халықаралық олимпиада (IGeO) және информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) сияқты тағы екі ірі олимпиадаға қатысу жоспарланып отыр.2022 жылы алғаш рет жоғарыда аталған жеті олимпиаданың жеңімпаздары 73 миллион теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ оларға мемлекетіміздің жоғары оқу орындарында білім алуға грант бөлінді.Айта кетсек, алтын медаль алған мектеп оқушыларына 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Мектеп оқушыларын зияткерлік сайысқа дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы белгіленген.
ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДА 228 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
449
0
0
10.08.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ