«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

Алматы облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы басталды.Байқаудың мақсаты – Жамбыл Жабаевтың шығармаларын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, шығармашылық талантын байқап, суырып салма қабілеттерін анықтау.Байқау тақырыптық және қайым айтыстан тұрады. Тақырыптық айтыста жас ақындар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, сондай-ақ елдегі жалпы жағдайды жырлауы керек. Сондай-ақ ақындар бір-бірімен мазмұнды диалог жүргізе білуі қажет. Ал қайым айтыстың шарты бойынша бірінші бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп, немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолымен жауап қайтаруы тиіс.Республикалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі бағыт бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бас жүлделерімен және I, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ қатысушыларға «Есенқұл Жақыпбековтің», «Есдәулет Қандековтің», «Әлімқұл Жамбыловтың», «Үмбетәлі Кәрібаевтың» арнайы жүлделі дипломдары беріледі.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ