Қаңқа- тірек қозғалыс қызметін атқарады.
Жаратылыстану
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Тірі табиғат: адам
Тақырып:
Қаңқа- тірек қозғалыс қызметін атқарады.
30.12.2019
118
1
| Қаңқа- тірек қозғалыс қызметін атқарады. | 2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау Барлық оқушылар: Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды; Көптеген оқушылар: денені дұрыс және түзу ұстаудың маңыздылығын түсіндіреді; Кейбір оқушылар:бақылау жасаудың негізгі белгілерін анықтайды. (мақсаты, нысаны, жоспары, мерзімі, нәтижесі). |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы.Сабақтың ортасы.Сабақтың соңы. |
Ұйымдастыру. (Ұ) Психологиялық дайындық.ОМ таныстыру.Сабақты қорыту. Кері байланыс. |
Қосымша ақпарат
Ұйымдастыру. (Ұ) Психологиялық дайындық Біз бақытты баламыз Ойнап күліп аламыз Жетілсін деп санамыз Оқып білім аламыз ОМ таныстыру. • қаңқаның не үшін қажет екенін түсінетін боласың; • қаңқа бөліктері мен атауларын білетін боласың. Дене бөліктері Адам денесінің қандай негізгі бөліктері бар? (Бас, кеуде, аяқ-қолдар.) Қолдың бөліктерін атаңдар. (Білек, шынтақ, иық.) Адамның қолдары қандай қызмет атқарады? Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме? (Жамбас, тізе, балтыр, табан.)» Оқушыларға саусақтарын, басын, шынтақтарын ұстап көруге ұсыныс жасау. Нені байқадыңдар? (Ішінде қатты негіз бар.) Ішінде не бар? Суреттерге назар аударыңдар. Шағын топтарға екі затты салыстыруға тапсырма беру Үйдің тірегі не үшін қажет? (Үйдің құрылысының қалпын құрайды, оған тірек болады.) Адам денесіндегі осындай қызметті не атқарады? (Қаңқа адам денесінің қалпын құрайды және қорғанышы болады. Сүйектер жұмсақ ұлпалардың (ткань) мықты қорғаны болып табылады). Қаңқаны көргендерің бар ма? Қайда көрдіңдер? (Кинода, теледидарда, кітапта, мұражайда.) Қаңқа. Суреттегі қаңқаның бөліктеріне мұқият қара. -Адамның бас сүйегі нені еске түсіреді? -Адамның бас сүйегінің барлық бөліктері өзара тығыз байланысқан. -Неліктен адамның бас сүйегі қатты болады? -Ол нені қорғайды? -Сендер кеуде қуысы сөзінің мағынасын түсіндіре аласыңдар ма? Бас сүйегі миды қорғайды, ал омыртқа, кеуде және қабырғалар бәрі бірігіп, кеуде қуысын құрайтынын түсіндіру. (Сүйектер бірігіп, кеуде қуысын құрайды, ол кеудені қорғап тұрады.) «Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектеседі» деп түсіндіру. Аяқ-қол сүйектерінің қалай біріккеніне назар аударыңдар. Оқушыларға қолдарымен шынтақ, иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс жасау. . (Т)Қаңқаның суретін бірнеше бөліктерге бөліп таратып, оларды қайта құрастыруға, оның бөліктерінің аттарын жазуға тапсырма беру. Дене бітімі Суреттегі балаларды салыстыр. -Олардың қайсысы саған көбірек ұнайды? -Неліктен? -Келесі суреттегі балаларға осындай болуға не кедергі келтіреді? (Иығындағы ауыр сөмкесі.) -Сөмкені немен алмастыруға болады? (Жолдорбамен, арқаға асатын сөмкеме) -Қалай дұрыс жүру керектігін, яғни арқаны тік ұстап, алдына қарап жүру қажеттігін айту. -Кім дұрыс тұр? -Партада қалай отыру керек? Неліктен? -«Қайсысы дұрыс отыр: Негеш пе, әлде Эврика ма? Негеш нені дұрыс істемей отыр? (Оның аяқтары еденде тұруы қажет, арқасын тік, басын сәл еңкейтіп ұстауы керек). Эвриканың суретіне мұқият қара. -Қалай дұрыс отыру қажеттігі туралы айту (Ж) Сыныптасының қалай отырғанын талқыла. Зертте.(Ж) Сенің дене бітімің дұрыс қалыптасып келе ме? Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар • Бір оқушы орнынан тұрып, қабырғаға сүйенеді. Желкесі, иығы, жамбасы, өкшелері міндетті түрде қабырғаға тиюі қажет. Осындай қалып ыңғайлы болды ма, әлде ыңғайлы болған жоқ па? • Екінші оқушы оны бақылап тұрады. Егер сыныптасы өзін ыңғайсыз сезінсе, онда ол денесін түзу ұстамайды, оның дене қалпы дұрыс емес. Алынған нәтижелерді қойын дәптеріне жазып отырады. • Енді рөлдерін ауыстырып көрсін. • Оқушылар жұп болып, денені дұрыс ұстауға арналған жаттығуларды ойлап табады. • Сыныпқа жаттығуларын жасап көрсетеді. Оқушылар үнемі жаттығулар жасау және өзін бақылау арқылы денені дұрыс ұстауға болатынын түсіне алады. Дене бітімі дегеніміз – адамның денесін ұстау қалыбы. Оның бұзылуы әртүрлі ауруларға себеп болуы мүмкін. Жүрген кезде, үстелде отырғанда денені тік ұстау маңызды. Сондай-ақ ұйықтаған кезде етбетінен, өте биік немесе өте төмен жастықта жатуға болмайды. Ойлан. (Т) Ересек адам мен баланың қаңқаларын салыстыруға ұсыныс жасау «Қаңқа өсе ме?» Оқушылар әртүрлі пікірлер тыңдау. 18-жұмыс парағы. Қаңқа неден құралады? Қаңқаның бөліктері. Бұл тапсырмада оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің аттарын дәптерлеріне көшіріп жазады. Жауаптар: Бас сүйегі, омыртқа, қабырғалар, жауырындар, бұғана сүйектері, жамбас, аяқ-қол сүйектері Сен білесің бе? Барлық сүйектер мықты. Бірақ олар қатты соққы алса, сынуы мүмкін. Балалардың сүйектері қарт адамдарға қарағанда тез қалпына келеді. Сабақты қорыту. Есте сақта! Дұрыс дене бітімі дегеніміз– адамның арқасын тік, денесін еркін, басын көтеріңкі ұстауы. Кері байланыс: Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.
Файлдар:
Файлды ару
Қаңқа- тірек қозғалыс қызметін атқарады.
Пікірлер(0)