Paint графикалық редакторымен танысу, графикалық редактордың құрал – жабдықтары.

Жумагулова Айнур Ришатовна
Жумагулова Айнур Ришатовна
Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің "№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Компьютерлік суреттер (ортақ тақырып: «Сәулет»)
Тақырып:

Paint графикалық редакторымен танысу, графикалық редактордың құрал – жабдықтары.

15.11.2019
1232
PDF жүктеу WORD жүктеу
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

4. Компьютерлік суреттер (ортақ тақырып: «Сәулет»)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану;

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау;

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:  компьютерлік программалардың бірі – қарапайым графикалық редактормен танысады.

Көпшілік оқушылар: Paint графикалық редакторының терезе элементтерінің, сурет салу құралдарының қызметін үйренеді.

Кейбір оқушылар: Paint графикалық редакторының терезесінің сурет салу құралдарын практика барысында қолданады.   

Бағалау критерийі

Paint графикалық редакторының терезе элементтерінің , сурет салу құралдарының қызметін біледі.

Paint графикалық редакторының терезесінің сурет салу құралдарын практика барысында қолдана алады.  

Тілдік мақсаттар

Графика  - графика  - Graphics

Графикалық редактор  -  Графический редактор - Graphic editor

сурет -  Рисунок  - Drawing

құрал - инструмент  - Instrument   

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау

Пәнаралық байланыс

 ағылшын тілі, көркем еңбек

Алдыңғы білім

Дыбысты жазу, өңдеу, ойнату, дыбыстық әсерлер туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(6 минут)

Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар шаттық шеңберіне шақыртылады.

Шарты:

- Сәлем достым ... (қол алысады)

- Қалың-қалай? (иығынан қағады)

- Көргеніме қуаныштымын! (құлақтарынан ұстайды)

- Сағындыңба? (екі қолын айқастырады) - Мен сағындым (құшақ ашады)

- Қош келдің! (құшақтасады)

Мұғалім:

- Сабағымызға келгендер,

Сәлем бердік бәріңе.

Ізгілікке сенгендер,

Сәлем бердік бәріңе!

Өз бақытын өзгемен,

Тең бөлісе білгендер,

Сәлем бердік бәріңе!

Бір – біріне қарап:

Сәтті өтсін сабағымыз, Ашық болсын қабағымыз!

Қызығушылықты ояту.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін оқушыларға дыбыстар тыңдатылады.

Оқушыларға сұрақтар:

1. Балалар бұл не?

2. Бұл дыбыстарды не үшін тыңдап жатырмыз?

3. Біздің өткен сабақтағы тақырыбымыз қандай?

4. Ендеше өткен тақырыпты қалай меңгергенімізді тексеруіміз үшін электронды оқулықты ашайық.

Өткен тақырыпты қайталау үшін электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.

5dce2d0bd5d0c.png


1 –тапсырма


5dce2d1e41f2d.png

2- тапсырма


5dce2d2a69215.png

3- тапсырма

5dce2d465fb35.png


Кері байланыс

«Пайыздық» әдіс

0% - мүлдем түсінбедім

50% - орта деңгейде түсіндім

75% - жақсы түсіндім

100% - керемет

(тапсырманы орындап болғаннан кейін, сабақты қанша пайыз түсінгендігін ұғыну мақсатында пайыздық үлестерін көрсетеді)  

Сабақтың ортасы

(14 минут)

  Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға бірінші суреттер көрсетіледі,сұрақтар қойылады.

(Интервью және көрнекілік стратегиясы бойынша)

1. Петроглифтер дегеніміз не? (Тасқа салынған суреттер)

5dce37aa7e0a7.png

2. Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? (сурет салу арқылы)

5dce37c640b9e.png

3. Қандай суреттер салған? (таңбалар)

4. Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған? (қағазға, папирусқа)

5. Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге)

Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушылар бір – бірін

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.


«Қарапайым графикалық редактор»

Назарларыңыз экранда болсын! 


Ұяшықтар сөйлейді»

Paint графикалық редакторының терезесін жасап шығару. Әрбір оқушы ұяшық таңдайды. Ұяшықтың артында құралдардың суреттері жасырылыған. Осы құралдардың атын және қызметін айту арқылы Paint графикалық редакторының терезесін жасап шығарады.

5dce38163d18f.png


Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір – біріне конфеттер ұсынады.


Компьютермен жұмыс (жеке жұмыс) (Жұмысты аяқтап болған оқушы смайлик көтереді)

Көзге арналған жаттығулар

https://youtu.be/_lx7d4eIkVE

(оқушылар бейнежазбадағы көзге арналған жаттығуларды жасайды)


Компьютермен жұмыс

1- тапсырма

5dce334add0bd.png

2 – тапсырма

5dce335a13945.png

3-тапсырма

5dce336f2479a.png

Қалыптастырушы бағалау

Қол шапалақтау әдісі арқылы бағалау  




https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor




https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor


Сергіту сәті

(4 минут)

Quiver бағдарламасы арқылы суреттерге жан бітірім жасап көрсету.

(оқушыларға сурет таратып беру, оны оқушылар бояйды және ұялы телефон арқылы жан бітірім жасап көрсетеді)  


https://www.QuiverVision.com


Сабақтың ортасы

(13 минут)

Тест жұмысын орындау

(жеке жұмыс) (Жұмысты аяқтап болған оқушы смайлик көтереді)


Шығармашылық тапсырма

   Кемпірқосақ туралы фильмді тамашалаңыз!

1. Paint графикалық редакторын ашыңыз

2. Кемпірқосақтың суретін салыңыз

3. Суретті жұмыс үстеліне өз атыңызбен сақтаңыз.

4. Қандай құралдарды пайдаланып суретті салғаныңызды айтыңыз.  

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor




https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-a-rainbow





Сабақтың соңы Бағалау, кері байланыс

(2 минут)

«Кемпірқосақ» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

5dce3578e2e3b.png

Сабақ түсінікті, қызықты өтсе оқушылар жарқыраған күн, жайнаған гүлдер, көбелектер, құстар жапсырып, жаздың әдемі көңілді күнін жасап шығарады. Ал сабақ түсініксіз, ұнамаған жағдайда бұлтты аспан, солған гүлдер жапсырып шығады.  

Үй тапсырмасы

(1 минут)

§ 14. Графикалық редактормен танысу, құрал – жабдықтары.

Оқулықтағы «Үйде орындайық» тапсырмасын орындау

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру