0 және 1 санымен амалдар орындау. Жақшалы өрнектердің мәнін табу Санды 0-ге бөлуге болмайтындығы
0 және 1 санымен амалдар орындау. Жақшалы өрнектердің мәнін табу Санды 0-ге бөлуге болмайтындығы
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты: | 3.1.2.2 көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу 3.2.1.4 санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде: a 0 = 0; a 0 көрсету |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық білім алушылар: көбейту және бөлуді орындауда 0 мен1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу. Білім алушылардың басым бөлігі: есептеуді тиімді ету үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданады. Кейбір білім алушылар: Есептеудің тиімді әдістерін түсіндіру. |
| Бағалау критерийлері: | -үш таңбалы сандарды 1000-ға дейін қосу мен 1000-нан азайту амалдарын бағанмен жазады; -разряд арқылы сандарды қосу мен азайтуды разряд бойынша қосады (толық 1000-ға дейін толық 1000-нан); |
| Тілдік мақсаттар: | Тілдік дағдылар: көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу. Терминология: амалдар қасиеті, амалдардың ауыстырымдылық қасиеті. Сөз тіркестері: Үш таңбалы сандар, алгоритм. Талқылау: 1-ге көбейту мен бөлу ережесін құрастыр. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің мәнін түсіндір. Жазылым: Өрнектерді жазу. |
| Құндылықтарды дарыту: | Достықты құрметтеу |
| Пәнаралық байланыстар: | Әдебиеттік оқу, жаратылыстану. |
| АКТ қолдану дағдылары: | Кеспелер, суреттер |
| Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім: | Көбейту мен бөлу амалындағы 1-дің қасиеті. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Басталуы: (5мин.) |
Ынталандыру. Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз - білім алу, Міндетіміз - еңбектену Еңбектену арқылы “5 “- ке қолды жеткізу! Өзектендіру. |
Сандар жазылған қима қағаздар |
|
Ортасы: (20мин.) |
Видео көрсетеміз 1мин. (Т) «Тауып көр» ойыны. Оқушылар жақшалы өрнектің мәнін тауып, фотосуреттердің қандай аңызға байланысты алынғанын біледі. 1-тапсырма: 1000-(580+120)=300 930-(1000-470) =400 120+(1000-560) =560 Өзіндік жұмыс АКТ мен тапсырманы жеке-жеке орындау https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/0-men-1-sandarynyng-qasietteri?mid=f852f871-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe 2-тапсырма: оқушылар қима қағаздардағы өрнектерден теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырады. Бұл тапсырманы нұсқалар бойынша өз беттерінше орындайды. 3-тапсырма: оқушылар амалдардың орындалу тәртібін анықтап, өрнектің мәнін табады. 26 + 12 : 6 200 – 7 * 2 (130 – 25) * 2 4-тапсырма: ауызша түсіндіріп отырып есептейді. 6-тапсырма: оқушылар қысқаша жазбалардан есеп құрастырып, есептерді шығарады. Мұрат – 8 беттен 6 әңгіме Кәмила – 7 беттен 9 әңгіме ? бет артық 7-тапсырма: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылар тапсырманы оқып, бір жағы 5 болатын екі шаршыдан құралған, қоршауға арналған сым темірдің ұзындығы тіктөртбұрыштың периметріне тең деген шешімге келеді. 8-тапсырма: зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар ұсынылған амалдар бойынша олардың шешімін түсіндіретін өрнектерді жазып алады. Бұл тапсырма оқушылардың құрама есептердің шешімін сипаттайтын, өрнекті жазуға дайындығына қызмет етеді. |
bilimland.kz |
|
Аяқталуы: (3мин.) |
Рефлексия. Сабақта қандай тапсырма басқаларынан қызығырақ болды? Бүгінгі сабақта алған білім қай жерде қажетке асуы мүмкін? Өз жұмысыңызды бағалаңыз. Барлығы өзіңіз ойлағандай болды ма? Неге? |
|
|
Үй тапсырмасы: (2мин.) |
Үйге тапсырма: 8-тапсырма, 47-бет. |



Пікірлер(0)