Аяз би ертегісі 2-сабақ
Аяз би ертегісі 2-сабақ
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.1.1.1. шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 6.3.1.1. шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады: Ертегі желісі бойынша сұрақ-жауапқа түсу арқылы эпизодтардың маңыздылығына негіздеме жасап, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдайды Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Аяз би ертегісінде кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетін қомымша мәліметтерді пайдалана отырып өзара салыстыра алады Кейбір оқушылар орындай алады: Аяз би ертегісінің кейіпкерлері іс-әрекетінің тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: Графикалық органайзерлер арқылы тапсырмаларды орындай алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Хан, мырза, уәзір, қарақоға, қырғауыл, тақсыр, сауысқан, шеңгел, біреудің қанын жүктемеу, ақиреттік дос, тақ, бай, бикеш, араз. Тұжырым кестесін жазуға арналған пайдалы тіркестер: уәзірлердің іштарлығы, Жаманның даналығы, дандайсымау,ойшылдық Талқылауға арналған сұрақтар: Аяз бидің даналығын қандай оқиғалардан байқаймыз? Хан неліктен Жаманды таққа лайық деп шешті? |
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылар шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беруге үйренеді. |
| Бағалау критерийлері: | Ертегідегі эпизодтардың маңыздылығына негіздеме жасай отырып, кейіпкерлерінің іс-әрекетін салыстыру арқылы құндылықтарына баға береді. |
| Құндылықтарды дарыту: | Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; Сабақ барысында айтылған адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді анықтау арқылы ынтымақтастыққа баулу |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | электрондық ресурстан тапсырмалар орындау |
| Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, өзін-өзі тану |
| Бастапқы білім: | Аяз би ертегісінде кездесетін жамандық және жақсылық қасиеттерді айтып өту |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
Амандасу. Ширату жаттығуы: Тапсырма: көрсетілген суреттегі оқиғаны баяндаңыз; Алдында не болды, кейін не болды? Топқа бөлу. Жамандық,жақсылық қасиеттер жазылған стикерлерді таңдау арқылы 2 топқа бөлу |
Стикерлер |
|
Сабақтың ортасы (24 минут) |
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Электрондық ресурстан аудионұсқаны тыңдап, сұрақтар құрастырыңыз. 1-топ. Ертегі желісі бойынша Кім? Не? Кімге? Қалай? Қашан? Қандай? деген сұрау есімдіктерін пайдаланып сұрақ және жауап құрастырыңыздар. 2-топ. Неге? Неліктен? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен? деген сұрау есімдіктерін пайдаланып сұрақ және жауап құрастырыңыздар. Жұппен жұмыс 2-тапсырма. Оқулықты және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін салыстырыңыз. Ресурс және мәтін бойынша саралау: Энциклопедия ұсыну(құстар, шөптер) Дискриптор: Кейіпкерлерді тиімді таңдай алады. Қосымша мәліметті пайдаланады Топпен жұмыс: 3- тапсырма. Кейіпкерлердің іс-әрекетін оқи отырып, тірек сөздерді пайдаланып өзіндік тұжырымдама жасаңыз Кейіпкердің іс-әрекеті |
https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/ayaz-bi-ertegisi Саралау. Тірек сөздер: уәзірлердің іштарлығы, Жаманның даналығы, дандайсымау,ойшылдық. Дескриптор: Ойын тұжырымдай алады; Тірек сөздерді орынды пайдалана алады; |
|
Сабақтың соңы (5 минут) |
Bilim land сайтынан тест орындау.
|
https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/ayaz-bi-ertegisi |
|
Рефлексия (5 минут) |
Ең маңызды Маңыздырақ Маңызды емес "Маңызды аймақ" әдісі арқылы рефлексия жасау |
|
|
Үй тапсырмасы (10) |
Таңдаған кейіпкерге сауаттылық хат жазу |
Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
|
|
Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп, 2-тапсырмада ресурс және мәтін бойынша саралау ұсындым. Ол үшін қосымша материал -энциклопедия ұсынуды жоспарладым. Жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы оқушылар бір-біріне көмектесіп, қалыптасады.3-тапсырмада топтық жұмыста Тұжырымдама кестесін толтыру үшін қабілетті оқушыларға ертегі оқиғасын өзі таңдауды ұсындым. Барлық тапсырмалар мақсатқа жеткізеді. |
Оқушылар бағалау критерийлері арқылы бағаланады. Сонымен қатар тапсырмада бағалау түрлері көрсетілген. 1-тапсырмада бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады, 2-тапсырмада дескриптор ұсынылады және жұптар бір-бірін «+,-,қызықты » әдісі арқылы бағалауды,3-тапсырманы топтар бір-бірін «Сэндвич» әдісі арқылы бағалауды жоспарладым. |
Сабақта жазылым тапсырмалары арқылы сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс байланыстыру, орфографиялық нормаларды сақтап жазу арқылы қазақ тілі пәнімен, кейіпкер іс-әрекетін талдау кезінде өзін-өзі тану пәнімен пәнаралық байланыс жүргізілді. Денсаулық, қауіпсіздік ережелері сақталады. Оқытуды жақсарту үшін АКТ тиімді қолданылады Сабақтың өн бойында құрмет, ынтымақтастық құндылықтары жайлы пікірлер қарастырылады. |

Пікірлер(0)