Ғаламшарлар қалай орналасқан?
Ғаламшарлар қалай орналасқан?
2.4.2.1 | Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау; |
2.1.1.1 | қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау; |
Сабақ нәтижесі | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады |
Ресурстар | Оқулық, суреттер қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Тарих,қазақ тілі. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басталуы (5 минут) | Ұйымдастыру кезеңі үш тілде амандасу Психологиялық ахуал қалыптастыру: Ұ) Күлімдеп күн бүгін де, Қарады маған да. Күлімдеп күн бүгін де, Қарады саған да. Күлімдеп күн бүгін де, Қарады баршаға! – Қандай сөз көп қайталанды? Күн. – Күн дегеніміз не, балалар? (Алдыңғы сабақта білгендерін айтады). ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау: Ғаламшарлар қалай орналасқан? ІІІ Өткенді қайталау: 1. Бірінші сыныпта ғарыш туралы не білдіңдер? 2. Ғарышты қалай зерттейді? 3. Ғарышты зерттейтін жерді не деп атайтын еді? 4. Олай болса балалар, Ғаламшар туралы бейнебаян тамашалайық. (Бейнесабақты 01.09-дан бастап 07.44 минутына дейін көреді). | |
Жаңа бөлім (13 минут) | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен таныса | оқулық,мәтіндер, |
Сабақтың ортасы (10 минут) |
Ақтөбе қаласындағы мұражайға саяхат: Сұрақ-жауап: – Ғаламшарларды атап шығыңдар (Меркурий, Шолпан, Марс, Жер, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран). №78. Жердің ғарыштан көрінісі (1-видео және суреттер, 1 мин). – Келесі бейнероликті мұқият қарап шығып, сұрақтарға жауап дайындаңдар. 1. Қай ғаламшар ішкі ғаламшарлар тобына жатады? 2. Бұл ғаламшардың ерекшелігі қандай? (кішкентай және тасты). 3. Неліктен Меркурий, Шолпан, Жер, Марс ішкі немесе жер тобы ғаламшарлары деп аталады? 4. Егер бұл ғаламшарлар «ішкі ғаламшарлар тобы» деп аталса, қалған ғаламшарлар тобы қалай аталады деп ойлайсыңдар? №74. Күн жүйесі 7-видео (21 секунд). https://bilimland.kz/kk#lesson=14773 Ішкі және сыртқы ғаламшарлар Күн жүйесіндегі сегіз ғаламшар Күнді айнала қозғалады Сұрақтарға жауап алған соң 2-видеоны (21 секунд) көреді. Болжауларының тура шыққанын немесе теріс болғанын анықтайды. «Қар жауыны» әдісі. Көрген бейнебаян бойынша сұрақ құрастырып, бір-бірімізге лақтырамыз. Келесі бала лақтырылған сұраққа жауап береді. Модельдеу. Алдыларыңда тұрған ресурстарды қолдана отырып күн жүйесінің моделін жасаңдар. Топтық жұмыс: топтық жұмысты бағалайды. Кері байланыс береді. Әр топ өз жұмысын қорғайды. Адамзат дамуындағы ғарыштың маңыздылығы қандай? Не үшін ғарышты зерттейді, онда ұшады? Ойларыңмен бөліссеңдер. Жердің алуан түрлі жасанды серіктері бар. Олар Күн жүйесін, басқа ғаламшарларды, ғарышты зерттеуге арналған. Метеорологиялық серіктер ауарайын болжауға көмектеседі. Байланыс серігі радио және теледидар хабарларын таратуға арналған, телефонмен байланыс. V Қалыптастырушы бағалау №74. Күн жүйесі тапсырмаларын орындау Tапсырма Ойын ойнату. Күнді 8 ғаламшарларды ретімен қойып шығу. Мыс: мен күн , қалған оқушылар өз ғаламшарларының орынын табады. Талдау Әр оқушы өз ғаламшарлары туралы айтады. | Интербелсендітақта. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Интербелсенді тақта,3D көзілдірік,штрихкодты тақтайа,планшет |
Сергіту сәті (2 минут) | Сергіту сәті | видеожазба |
Сабақты бекіту (5 минут) | Ойын ойнату. Алуан түрлі ғаламшарлар. 1-тапсырма 2-тапсырма Жеке жұмыс Ермексаздан ғаламшарларды жасау. | |
Бағалау (5 минут) | Бағалау | Бағалау парақшасы «Белгілер» әдісі. Рефлексия парағы. |
Пікірлер(0)