Текше (куб)
Текше (куб)
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді. Көптеген оқушылар: кеңістіктегі геометриялық куб-фигуралардың жазбасын және олардың моделін құрастыруды өз бетімен дайындай алады. Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика және терминология • • қырлары, қабырғалары, төбелері, негізі, шаршы, дөңгелек, тіктөртбұрышты, үшбұрышты. • одан үлкен, одан кіші, шамамен бірдей өлшемде... • ауданы, периметрі, үсті, көлемі куб, тікбұрышты параллелепипед, перспектива, қосылу нүктесі, линер, ракурс Талқылауға арналған сұрақтар: • Фигурада (...) шеті және (...) шыңы бар. • Фигурада дәл негіз ортасында шыңы бар. • Бұл фигураны ойыншықтар арасынан табуға болады. Неліктен екенін айта аласыз ба…? • куб куб деп аталады ма? • … шың санына байланысты бұл тікбұрышты параллелепипед болу керек пе? Қалай екенін айта аласыз ба…? Тегіс фигураны көлемінен ажыратуға болады ма? Кубты жаюды орындау керек пе? Перспективада кубты қалай салу керек? Жазбаша тапсырма: • Жоғарыда аталған сипаттамалары бар фигураларды атап шығыңыз. • Коробканы фигура ретінде сипаттаңыз. Дұрыс және дұрыс емес пішімі арасындағы айырмашылықты атаңыз. |
| Күтілетін нәтиже: | Кеңістіктік фигура туралы көрініске ие болу математиканы әрі қарай оқу кезінде қолданылады; жобалауда, өнерде, архитектурада және құрастыруда пайдалану |
| Бағалау критерийлері: | Кеңістіктік фигура туралы көрініске ие болу математиканы әрі қарай оқу кезінде қолданылады; жобалауда, өнерде, архитектурада және құрастыруда пайдалану |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
| Пәнаралық байланыс: | Музыка, қазақ тілі. |
| Бастапқы білім: | Кубтар мен тікбұрышты параллелепипедтер туралы көрінісінің болуы. Нақты құрастырып, өлшеу қабілеті. Тікбұрышты параллелепипедті кеңістіктік үлгіде жаюды жасау және дайындау туралы көрінісінің болуы. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.
Жыл мезгілдері 4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады, Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет бойынша топқа бөлінеді. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Тест. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Белсендіру. Мұғалім 1-2- сынып математика курс бойынша балаларға қандай көлемді (кеңістіктік) фигураларды білетіндерін есітеріне түсірулерін сұрайды. - Бұл кеңістіктегі фигуралар: куб, шар, цилиндр, конус, пирамида. –Сендерге қандай жазық фигуралар таныс? –Жазық фигуралар: үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш. Егер фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) кесетін болсақ, нені көруге болады? Мұғалім бейнеленген сызықтарды көрсетеді.
Мұғалім шешуін табуды ұсынады: –Не артық? Үшбұрыш Шаршы Аудан Шеңбер Тіктөртбұрыш Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|
|
Сабақтың ортасы |
Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар практикалық жұмысты орындаулары тиіс. Текше туралы білімдерді пайдалана отырып, түтікшелер мен ермексазбен кубтың моделін жасайды. Текшенің моделін жасаудың алгоритмін құрастырады. – Текшенің моделін жасау үшін оның қабырғалары мен қырлары қанша екенін білу керек. – Барлық қабырғалары тең және шаршының қабырғалары болып табылатынын білулері қажет. Егер түтікше болмаса, текшені қағаздан жасау керек. Балалардың айтуынша, өзара 6 қырды желімдеу керек. - Кейбір қырларын желімдемес үшін, оларды қалай ыңғайлы етіп кесу керек? Мұғалім әртүрлі жазбаларды көрсетеді, олардың ішінде дұрыс немесе дұрыс емесі (жетіспейтіні немесе артығымен, не қырлары бір-біріне желімделгені) бар. Топтарға 2 түрлі жазбалар беріп, олардан кубты желімдеуді тапсырады. Балалар дұрысын тауып, желімдеуді бастайды. Мысалы:
А нұсқасы Ә нұсқасы Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту. Топтар өз модельдерін қорғайды. Жазбаны, яғни одан не шыққанын көрсетеді. Олар неге осы нұсқаны таңдағанын дәлелдейді. Өзің жазбаны қалай дайындайтыныңды айтып көр. Бөлшектерден емес, бір ғана бөлшектен көлемді геометриялық фигуралар жасауға бола ма? Мұғалім алгоритм құрастыруды тапсырады.
Текше жазбасының сызбасымен танысу. - Суретке атау бер. - Сызбада өлшемдер қандай өлшем бірліктерімен белгіленген? Неге сызбада барлық өлшем берілмеген? Жетіспейтін өлшемдерді есепте. Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, сызбаны оқыңыз: - Жазбаның жалпы ұзындығы қандай? - Жазбаның жалпы ені қанша? - Жазбаның ұзындығына қарай текшенің әрбір қырының өлшемі қандай? - Жазба енінің өлшемі бойынша текшенің әрбір қырының өлшемі қандай? - Жазбаның ені бойынша байланысу құлақшаларының өлшемі қандай? - Есіңізге түсіріңіз, біз сызбаға белгілер салғанда неден бастаймыз? - Жазбаның жалпы ұзындығының (ЖҰ) мағынасы мен бағытын қайталаңдар (тік немесе көлденең). ЖҰ = 250 –Жазбаның жалпы енінің (ЖЕ) мағынасы мен бағытын атаңдар (тік немесе көлденең). ЖЕ=180 - Жалпы ұзындық қандай өлшемдермен беріледі? ЖҰ = 60 + 60 +60 + 60 + 10 = 250 - Жалпы ені қандай өлшемдермен беріледі? ЖЕ = 50 + 10 +60 + 10 + 50 = 180 ЖҰ = 250 ЖЕ = 180 ЖҰ = 60 + 60 +60 + 60 + 10 = 250 ЖЕ = 50 + 10 +60 + 10 + 50 = 180 Қию және жинау. Өзіндік жұмыс Текшеге айналдыр. Оның жазбасын тауып, құрастыр. Пішін бойынша
қағаздан осындай жасап шық. Мен: - текшенің жазбасын анықтай аламын; - текшенің жазбасын жасаймын; жазбадан текшенің моделін құрастыруды білемін Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. |
|
|
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңаны қолдану. №3 тапсырма ұсынылады. а) Есепті шығар. Дизайнер 6 дана көк, 4 дана қызыл түсті қағаз қораптар жасады. Бір қорапқа 36 см2 қағаз жұмсалған болса, онда барлық қорапқа қанша қағаз қажет? б) Есептегі деректерді өзгерт. Қосындысы 10 саны шығатындай қораптардың санын кез келген екі санға ауыстыр. Алынған есепті шығар. Өткен материалмен жұмыс. №5 тапсырманы орындау ұсынылады. Ойнайық. Әр ойыншы екі текшеден лақтырады. Түскен сандарды көбейтіп, нәтижесін жазады. Досы есептеудің дұрыстығын тексереді. Нәтижесін жазады. Әр ойыншы ойынды 10 рет қайталайды.
|
|
|
Рефлексия |
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Бағдаршам» кері байланыс.
Оқушылар дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету. |










Пікірлер(0)