Логикалық есептер

АЛИМОВА АЛИЯ ТУРМЫСОВНА
АЛИМОВА АЛИЯ ТУРМЫСОВНА
Ақтөбе обылысы
Қалмақтықырған
Кенестуская ОШ
Математика
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Жылдамдық, уақыт, арақашықтық
Тақырып:

Логикалық есептер

06.02.2020
210
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.4.2.2 кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шығару
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: кеңістіктік фигуралар жөнінде түсініктерінің болуы. Оқушылардың басым бөлігі: кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді талдау және шығару. Кейбір оқушылар: кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді зерттеу, шығару және құрастыру
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: Көлеңке пайда болуын, айнаға қарағанда қандай бейнені көретінін түсіндіру
Күтілетін нәтиже: кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді зерттеу, шығару және құрастыру.
Бағалау критерийлері: кеңістіктік фигуралар жөнінде түсініктерінің болуы. кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді талдау және шығару.
Құндылықтарды дарыту: Адамгершілік, еңбекқорлық
АКТ-ны қолдану дағдылары: Электронды тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану
Бастапқы білім: Жоспарланған жаттығулар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ынталандыру№1 тапсырма Оқушылар өрнектердің мәнін тауып, нәтижелерін өсу ретімен орналастырып найзағай басталар алдында орын алатын жағдайды білетін болады. Найзағай 451 • 203 – 444 444 : 11 + 3 789 =54938 Күн күркіреу 56 • 640 – (11 258 – 27 • 35) + 374 498 = 400 025 Дескриптор:Амалдардаң орындалу тәртібін біледі Есептің шешімін табады; ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Топтық жұмыс №2 тапсырма Бес бұрыш жасау үшін қағаздан ені 3 см болатын жолақ қиып алады, сосын оны түйіндеп байлайды. Оны қатты керіп байлап, бесбұрыш жасайды. Қарындашты қағаз бетінен ажыратпай суреттегідей жұлдыз салып көреді Дескриптор:Үлгі бойынша қағаздан бесбұрыш жасайды,салады; ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау Оқу мақсатын таныстыру: сен кеңістіктік ойлауды дамытатын логикалық есептер шығаратын боласың.   Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Өзіндік жұмыс. 3 тапсырма Тапсырманы орында. a) Сен неше үшбұрыш көріп тұрсың? ә) Қарындашты қағазданажыратпай жұлдыз сала аласың ба? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау №4тапсырма Берілген фигура бірдей 7 шаршыдан тұ¬рады. Оның периметрі – 112 см. Фигураның ауданы нешеге тең? Шешуі: Оқушылар алдымен фигураның қабырғаларының санын анықтайды. 112 : 16 = 7см – шаршының бір қабырғасының ұзындығы 7см •7см = 49 см2 – бір шаршының ауданы 49 •.7 = 343 см2 – фигураның ауданы Жауабы: фигураның ауданы 343 см2 тең Дескриптор:фигураның қабырғаларының санын анықтайды. шаршының бір қабырғасының ұзындығы анықтайды. фигураның ауданы анықтайды. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау Жұптық жұмыс №5 тапсырма«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.      Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқулық, дәптер, текшелердің модельдері.

Сабақтың соңы

Сен зерттеушісің №8 тапсырма Оқушылар берілген фигураларда қанша шаршы барын анықтайды. Ол үшін бір шаршыны екінші рет қайталамай барлық шаршыларды санап шығады. а) Бірінші фигурада үлкен шаршы – 1, орташа шаршы – 1, кіші шаршы – 4. Барлығы – 6. ә) Екінші фигурада үлкен шаршы – 2, орташа шаршы – 2, кіші шаршы – 5. Барлығы – 9. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау «Бас бармақ» кері байланыс   Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Рефлексия

Сөйлемді толықтырыңдар:

– Бүгін мен ... білдім.

– Маған ... қызық болды.

– Маған ... қиын болды.

– Мен тапсырманы ... орындадым.

Пікірлер(0)