Олимпиада чемпиондары - Қазақстан мақтанышы
Олимпиада чемпиондары - Қазақстан мақтанышы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.О3.Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады: сөздердің аудармасын табады, сөздерге 5 сөз тіркесін құрастырады , сұрақтарға жауап береді, мәтіннен жеңімпаз спортшылардың есімдері мен спорт түрлерін анықтайды , кестеге түсіреді Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннің тақырыбын анықтайды , негізгі ойды білдіретін ойды екі-үш сөйлеммен жеткізеді, мәтін бойынша спортшылардың қашан және қайда жүлделі орын алғандарын талқылайды Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіннің негізгі идеясын ашатын 5 сөйлем құрастырады , мәтіннің мазмұнын баяндайды , мәтінге сүйене отырып өз ойларын дәлелдеп жеткізеді |
| Тілдік мақсаттар: | сөздердің аудармасын табады, мәтіннің тақырыбын анықтайды, сұрақтарға жауап береді, негізгі идеяны табады, баяндайды, кесте-сызбалар жасайды |
| Бағалау критерийлері: | Орта көлемді шығармаларды түсіну; Мәтін тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; Мәліметтерді жинақтау; Тақырып бойынша сызба-кестелер жасау. |
| Құндылықтарды дарыту: | Спорт жұлдыздарына құрметпен қарауды, жетістікке жетер жолдың қиындықтарын үйренеді |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | презентация (Миллион кімге бұйырады) |
| Пәнаралық байланыс: | дене шынықтыру, тарих |
| Бастапқы білім: | Олимпиада ойындарының түрлерін ажырата алады |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
Сергіту сәті: «Қазақия» https://www.youtube.com › watch Топқа бөлу: «Медальдар» әдісі. Оқушылар медальдарды таңдап, бүгінгі сабақта жеңімпаз боламыз деген ниетпен мойындарына тағып алады Ширату жаттығуы: Олимпиада чемпиондарының қатысуымен бейнеклип Cұрақтар: - Олимпиада чемпиондарынан кімдерді білесіздер? - Олардың ішінде кімдерді ерекше жақсы көресің? - Қандай спорт түрлерін ұнатасың? |
|
|
Сабақтың ортасы (20 минут) |
1-тапсырма: мәтінді түсініп, негізгі ойды анықтау / «5/5/5» әдісі. (топтық жұмыс) БО: мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің аудармасын табу, сөздерге 5 сөз тіркесін құрастыру (аударма сөздік) ББ: берілген 5 сурет арқылы мәтіннің тақырыбын анықтау (Суреттер, тірек сөздер жазылған қима қағаздар) КО: мәтіннің негізгі идеясын ашатын 5 сөйлем құрастыру (Сөз тіркестері) Кері байланыс: «Қарлы кесек» әдісі (топаралық бағалау) 2 – тапсырма: мәтінді оқып, түсінгендерін баяндау / «Теңге ілу» әдісі (жеке жұмыс) БО: Қарапайым сұрақтарға жауап беру (мәтін) ББ: Негізгі ойды білдіретін ойды екі-үш сөйлеммен жеткізу (үлгі) КО: Мәтіннің мазмұнын баяндау (сөз тіркестері жазылған қима қағаздар) Кері байланыс: «Орамал тастау» әдісі (өзін-өзі бағалау) 3 – тапсырма: Мәтінді оқып, түсінгендерін сызбаға түсіру / «Прожектор моделі» әдісі (жұптық жұмыс) Жеңімпаз: Кім? Спорт түрі: Қандай? Мемлекет: Қайда? Қай жылы? Н еше жүлделі орынға ие? Дәлел: Кімге ұқсағың келеді? Неліктен? Пікір: Сол үшін қандай әрекет жасар едің? БО: Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөз тіркестерін теріп жазу (суреттер) ББ: Мәтінге сай келетін бірнеше тақырып қою КО: Кестеге қарап, мәтінді баяндау (қосымша мәлімет жазылған кесте) Кері байланыс: «Жұбыңды тап» әдісі (өзара бағалау, сұрақтар мен жауаптар жазылған қима қағаздар таратылады, сұрақ пен жауап бір-бірін дұрыс табуы тиіс) |
|
|
Сабақтың соңы (7 минут) |
4 – тапсырма: Жинаған мәліметтерін өмірмен байланыстыру / «Креативті матрица» әдісі (топтық жұмыс) БО: Мәтіннен жеңімпаз спортшылардың есімдері мен спорт түрлерін кестеге түсіру ББ: Мәтін бойынша спортшылардың қашан және қайда жүлделі орын алғандарын талқылау КО: Мәтінге сүйене отырып өз ойларын дәлелдеп жеткізу Кері байланыс: «Элективті тест» әдісі (топаралық |
|
|
Рефлексия (8 мин) |
Рефлексия: «Миллион кімге бұйырады?» ойыны Миллион кімге бұйырады.ppt |
Пікірлер(0)