Ұзындықты қалай өлшейміз? 2 сабақ

Жексенова Ақбота Мәлікқызы
Жексенова Ақбота Мәлікқызы
БҚО
Орал
Кармановская СОШД
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Санау, өлшем және жазба
Тақырып:

Ұзындықты қалай өлшейміз? 2 сабақ

16.02.2020
71
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
1.1.3.1** ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу

1.1.3.2** өлшем бірліктерді (см, дм/ кг/л/сағ) қолданып өлшеу

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: заттардың ұзындығын өлшей алады. Көптеген оқушылар: заттардың ұзындығын өлшей алады, өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындықты анықтайды,салыстырады және іс-әрекетті түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: заттардың ұзындығын өлшей алады, өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындықты анықтайды және іс-әрекетті түсіндіре алады және ұзындықтың өлшем бірлігі 10см=1дм қатынасын қолданып, түрлендірулер жүргізеді.
Тілдік мақсаттар: Ұзындық бірліктерінің арақатынасын талқылайды. Пәндік лексика ж/е терминология сантиметр, өлшеуіш терминдерін дұрыс қолданады, айтады. Сантиметр-centimeter Өлшеуіш-измеритель-measurer Диалог/жазылым үшін пайдалы сөз тіркестері: Үйренгеніңізді көрсетіңіз, бойларыңды өлшеп нәтижесін айтыңыз. - Балалар, өз бойын кім біледі? -Біздің сыныпта кімнің бойы ұзын? -Кімнің бойы қысқа?
Күтілетін нәтиже:
заттар арқылы ұзындықты өлшейді.Құралдарды таңдау арқылы ұзындықты анықтайды.

Ұзындықтың өлшем бірлігін біледі

Бағалау критерийлері:
Ұзындықты өлшей алады

өлшем бірлікті қолданып үйренеді

Құндылықтарды дарыту: Сабақ барысында оқушыларға Ширату «Сәлем дос!», «Кэрролл диаграммасы» арқылы құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту.
АКТ-ны қолдану дағдылары: https://imektep.kz/kz/uzindik-olshem-birlikteri https://imektep.kz/kz/game#true_false-1356 https://imektep.kz/kz/game#choose_pair-1012 https://imektep.kz/kz/game#sort_elems-1013 https://imektep.kz/kz/game#quiz-1014
Пәнаралық байланыс: Көркем еңбек – сызады, қияды, өлшейді. Сауат ашу – ауызекі сөйлеу
Бастапқы білім: Өткен сабақтағы заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды біледі, осы сабақпен байланыстырады

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(М) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ширату

«Сәлем дос!»

Әрбір адам? Туыс, дос жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің? Шындық, бірлік ,адалдық,

Мақсатымыз - білім алу. Міндетіміз - еңбектену.

Балалар, мақсатымыз бен міндетімізге жету үшін «Кэрролл диаграммасы» стратегиясын қолданып өтілген материалды осы отырған топтарымызда қайталап алайық.

1-ші топ: Берілген фигураларды төрт жиынға бөлу:

1-ші жиынға: көк шаршылар;

2-ші жиынға: қызыл, шаршылар емес;

3-ші жиынға: көк емес шаршыл

2-ші топ: Берілген сандарды төрт жиынға бөлу;

1-ші жиынға қызыл дөңгелек;

2-ші жиынға: қызыл дөңгелек емес;

3-ші жиынға: қызыл емес дөңгелек;

4-ші жиынға: дөңгелек емес;

4-ші жиынға: көк емес, шаршылар емес;

Дескриптор: -Әр топ оқушылары әртүрлі геометриялық фигураларды, сандарды салыстыруға, топтастыруға үйренеді; -оларды жиындарға дұрыс бөледі. ҚБ. «Түсті стикерлер» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалауы (өте жақсы жауап-жасыл түс жапсырамыз, аздап фигураларды шатыстырды -сары түспен, , орындады, бірақ қателігі көп –қызыл түспен бағалайды). Ендеше, балалар! Бүгін біздер заттарды өлшеуді және өлшем бірліктерді ажыратамыз. Оны есептеулер кезінде қолданамыз. Сіздер менің қоымнан не көріп тұрсыздар? Сызғышты не үшін пайдаланамыз? Ендеше, менің қолымдағы сызғыштарды бір-бірлеп алайық. Не байқадыңыздар? Қандай айырмашылық бар? (Оқушылар қолдарындағы сызғыштардың «ұзын», «қысқа» екенін айтады). Сызғыштарың бойындағы сандарды айтайықшы. 10см, 15см, 20см Осы ұзындықтар бойынша топтарға бөлінеміз. (Т) Ұзындықтары 10см, 15см, 20см болатын сызғыштар арқылы топқа бөлемін. -Балалар, өз бойын кім біледі? -Біздің сыныпта кімнің бойы ұзын? -Кімнің бойы қысқа? (Оқушылар тақтаға шығып анықтайды) (Ж) «Зерттеу» әдісі: «Өз бойынды біліп ал» Оқушыларды жұптарға бөлу және бойларын алдын ала дайындап алып келген табан ізінің көмегімен өлшеуді ұсыну. Оқушылар өлшеудің тәсілін өз бетінше таңдайды. Өлшеу ережесін сақтайды: іздерді тізбектей, бірінен кейін бірін жалғастыра салу керек. Оқушыларға іздердің санын бүтінге дейін дөңгелектеуді көмектесу. Кестеге салу. Дескриптор: -әрбір оқушы өзінің бойын өлшеуішпен (табан ізі) өлшеп айтады; - адамның бойы өзінің табан ізінің жетеуіне тең екенін анықтайды; ҚБ. «От шашу» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалімнің ауызша кері байланысы (жаксы, жарайсыңдар!)

Кесте Жасыл, сары, қызыл стикерлер ( ) (өтілген материал мен жаңа сабақ арасындағы байланыс)    https://imektep.kz/kz/uzindik-olshem-birlikteri

Сабақтың ортасы

«Стоп кадр» әдісі Тыңдалым: «38 попугаев» м/ф-нен үзінді Ашық сұрақтар: - Не себептен мультфильм кейіпкерлерінің өлшеу нәтижелері әртүрлі болды? -Сол себептен адамдар ерте кезден өлшем бірліктерді енгізді. Бүгінгі ұзындықтың стандартты өлшем бірлігі – сантиметрмен танысамыз. (Ж) Тапсырма: Екі түрлі жолақтар беріледі: 1см жолақ-кішкентай өлшеуіш, 10 см жолақ-қалың қағаздан жасалған жолақ деп атау керек. Сызғышты көрсету, оқулықтағы өлшеуіш құралдардың суретіне назар аудару Дескриптор: -оқушылар берілген жолақтардың ұзындықтарын анықтайды; -ұзындықты өлшейтін құралдың біреуі – сызғышпен танысады, атауын ұғады; -оқулықтағы өлшеуіш құралдар жайында айтып береді. ҚБ. «Смайликтер» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды. Жасыл- керемет, Сары- керемет, әлі де болса қарау керек. Қызыл- талпын. Оқулықпен жұмыс (Ж) Тапсырма «Шығарып көр» Сызғышты пайдалану ережесін қайталау, өлшейтін заттың шеті сызғыштағы 0 санымен сәйкес келуіне оқушылардың назарын аудару. Қасық пен ұштағыштың ұзындығын өлшейді Дескриптор: -қасық пен ұштағыштың ұзындығын анықтайды; -ұзындықтарын салыстырады; -10 см=1 дм екенің ұғады; ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы қолпаштауы.Әр топтағы орындалған тапсырмаға қатысты кері байланысты «Сендер жетістіктерге жетудесіңдер!», «Жақсы жұмыс», «тамаша!» деген мақтау сөздермен жүргізеді. (Ж) Тапсырма «Ойлан» Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. ҚБ. « Сызғыш» арқылы бірін-бірі бағалау жүргізіледі. Темір сызғыш- өте жақсы Ағаш сызғыш- жақсы Қауырсын сызғыш- орташа. Дәптермен жұмыс (Ж) Тапсырма «Қалам мен қойын дәптердің ұзындығын өлше» Дескриптор. Білім алушы: -қалам мен қойын дәптердің ұзындығын өлшейді; -өлшеу нәтижесін жазады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. (Дұрыс орнындағанда: жарайсың, керемет, ғажап, ақылдым, тапқырым) Қателіктерге жол бергенде: (қайта қарап шықшы, саған сенемін, талпын, ) (Ж) Тапсырма «Өзің өлшеп көр» Оқушылар партаның ұзындығын математика оқулығымен және қарындашпен өлшейді. Өлшеудің нәтижесін жазады. Дескриптор. Білім алушы: -парта мен математика оқулығының ұзындығын өлшейді; - өлшеу нәтижесін жазады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы (Дұрыс орнындағанда: жарайсың, керемет, ғажап, ақылдым, тапқырым Қателіктерге жол бергенде: қайта қарап шықшы, саған сенемін, талпын, ) (Ө) Сараланған тапсырма: «Сызғыштың көмегімен таспалардың ұзындығын өлше» А) таспаны өлшеп, ұзындығын сантиметрмен анықта; В) таспалар ұзындықтарын салыстыр; С) сантиметр мен дециметрге айналдыр (10см=1дм, 12см=1дм 2см) Дескриптор. Білім алушы: -таспаны өлшейді; - ұзындығын салыстырады; - сантиметрді дециметрге айналдырады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы (жарайсыңдар, керемет, ғажап, бұл сенің қолыңнан келеді, тамаша)   қатты қағаздан жасалған ұзындықтары 1 см және 10 см екі өлшеуіш жолақ Слайд «Есте сақта!» оқушылардың әрқайсысына берілетін сызғыш    https://imektep.kz/kz/game#true_false-1356

Сабақтың соңы

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы бекіту. Білім критерийі: - Сабақта алған білімін еске түсіреді. - Сұрақтарға жауап береді. Оқушыларға сұрақтар қояын. Дұрыс жауап беруге жетелеймін. Оқушылардың жауаптарына сәйкес «+», «-» әдісі арқылы бағалаймын. -Заттардың ұзындығын өлшеуге арналған құрал қалай аталады? -Қандай ұзындықтың өлшем бірліктерді білесің? -Ұзындықты өлшеу үшін қандай құралдарды пайдаланамыз? - Өлшем бірлікті қысқаша қалай жазамыз? - Дәптердің, кітаптың ұзындығын немен өлшейміз? - Адамның бойының ұзындығын өлшеуде қандай өлшеу құралын пайдаланасың? Дескриптор: - Сабақта алған білімдерін еске түсіреді. - Сұрақтарға нақты жауап береді. ҚБ: «+,- » Мұғалімнің бағалауы: дұрыс жауап берген оқушыға «+», қате жауап берген оқушыға «-» таңбалары беріледі. https://imektep.kz/kz/game#choose_pair-1012 https://imektep.kz/kz/game#sort_elems-1013 https://imektep.kz/kz/game#quiz-1014

Рефлексия

Рефлексия «Баға ағашы» әдісі бойынша оқушылар өз жұмысын бағалады. Түсінікті болса, қиындық болмаған болса, жасыл түсті баға ағашына жапсырыңыз; -қиындық болған болса, сары түсті жапсырыңыз; -Сабақ қиын болса, түсінбеген болсаңыз, қызыл түсті жапсырыңыз.         Қызыл, сары, жасыл жапырақтарды ағаштың макетіне іледі

Файлдар:

Файлды ару Ұзындықты қалай өлшейміз? 2 сабақ

Пікірлер(0)