О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі автор және кейіпкер бейнесі
О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі автор және кейіпкер бейнесі
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау. |
| Сабақтың мақсаты: | - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алу; - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау; - кейіпкер бейнесін талдай алу. |
| Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер: құлағының мүкісі бар, қоламта, жемделген ат |
| Күтілетін нәтиже: | шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасай алады; эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтай алады және кейіпкер бейнесін талдай алады. |
| Бағалау критерийлері: | • Кейіпкерлер түрін біледі; • Кейіпкерді тек тұрғысынан сипаттай алады. |
| Құндылықтарды дарыту: | • адамгершілік; • достық; • құрмет |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | интербелсенді тақта |
| Пәнаралық байланыс: | тарих |
| Бастапқы білім: | О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасының тақырыбы мен идеясын біледі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (12 минут) |
1. Үй тапсырмасын сұрау. 2. Қызығушылықты ояту кезеңі Мұғалім тақтаға «Қарым-қатынас қандай болу керек?» деген сұрақты жазып қояды. Оқушылар кезекпен-кезек шығып бір сөзбен ойын жазып кетеді. Мысалы: - Сыйластықта - Жақсы - Бір-бірін қорғау керек - Жақсылық жасау керек - Дос болу керек - Қайырымды болу керек Жазғандарын сынып оқушылары оқып болғаннан кейін мұғалім қойған сұраққа жұпта сөйлеседі. Сұрақтар: • Ораш пен Тортайдың қарым-қатынасы қандай болды? • Бір-бірін қадірлей алды ма? • Неліктен Ораш Тортайдан алыстап кетті? |
интербелсенді тақта |
|
Сабақтың ортасы (21 минут) |
Мағынаны тану кезеңі 1-тапсырма Кестені толтыр. Берілген үзінділер қай кейіпкерге тән?
ҮзінділерТортайОрашМенің үзінділер арқылы шығарған қорытындым«Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап, әкем де, шешем де сол – кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің – бәрі-бәрі ұмтылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Дескриптор: - кестені толық толтырады; - үзінділерді ажырата алады; - кейіпкерлерді ажырата алады. 2- тапсырма Ораш бала кезінде бірге өскен досы Тортай келгенде амандасуға шықпай қалды. Осы әрекеті дұрыс па? ИЯЖОҚ 1. 2. 3. түйін: 1. 2. 3. Дескриптор: - пікірді жоққа шығара біледі; - ұстанған позициясы бойынша қорытынды жасайды; - оқушы ойын жүйелейді, пікірін дәлелді айта алады. 3- тапсырма: Эссе жазу Әдеби эссе жазу үшін бірнеше тақырып ұсынылады: - «Тортайдың отбасының болмауы тағдырына қалай әсер етті?» - «Тортай арманының орындалмауына кім кінәлі: Тортай ма, тағдыр ма?» эссенің сөз саны - 100 Дескриптор: - тақырыпты толық ашып жазады; - тақырыптан ауытқымайды; - сөз санын сақтайды; - жазу стилін біледі.
|
слайд, презентация Кері байланыс/2 минут Кері байланыс/2 минут |
|
Сабақтың соңы (2 минут) |
Үй тапсырмасы: «Кейіпкерге хат жазу» 1. Шығарма кейіпкерлерін бөліп беру; 2. Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек; 3. Егер ... болса, не болар еді? Неге? Неліктен? 4. Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазғызыңыз. Дескриптор: - шығарма кейіпкерлерін таңдай алады; - берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырады және хат жаза алады; - ойын дәлелдей алады; - кейіпкерге ұсыныс жаза алады. |
|
|
Рефлексия (5 минут) |
Сабақ рефлексиясы: Оқушыларға қозғалыс арқылы рефлексиялық сараптау түрлерін ұсынуға болады: - жартылай отыру - өте аласа сараптау, жағымсыз қатынас; - отыру, яғни тізелерді аз бүгіп отыру - орта сараптау, немқұрайлы қатынас; - әдеттегі қалыпты тұрыс, қолдары тігістерде ұстау - қанағаттанарлық сараптау, байсалды қатынас; - қолдарын шынтақтарға қойып көтеру - жақсы сараптау, жағымды қатынас; - Қолдарын жоғары көтеріп , алақандарын соғу және аяқтарының ұшымен тұру - өте жоғары сараптау, қуанышты қатынас. |
Пікірлер(0)