Ақпараттың берілуі, түрлері, өлшем бірліктері
Ақпараттың берілуі, түрлері, өлшем бірліктері
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.1.1 Әр түрлі формада ақпаратты атап шығу және көрсету |
| Сабақ мақсаттары | Барлығы: Әр түрлі ақпараттың түрлерін біледі. Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі. Көпшілігі: Әр түрлі ақпаратты ажырата алады. «Байт» пен «Бит» мағынасын түсінеді, Кб, Мб, Гб, Тб бірліктерін айыра біледі Кейбірі: Әр түрлі ақпараттың түрлерін көрсетеді, қолдана біледі. Ақпараттың өлшемін бір бірліктен екіншіге аудара алады. |
| Жетістік критерийлері | - Әр түрлі ақпаратты біледі, түрлеріне мысал келтіре алады, ақпаратты сақтайды, өңдейді, жеткізеді. - Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі, мағынасын түсінеді. - Бір бірліктен екіншіге аудара алады. - Оқушылар алған білімдерін тиянақтайды, пысықтайды, бекітеді; - Есеп шығару, салыстыру, талдау жасау біледі; |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. «Жылы алақан, жақсы тілек» тренингі арқылы жағымды ахуал туғызу. Әр саусақтарын мына сөздерді айта отырып түйістіреді: Бас бармақ- Әрқашан Сұқ саусақ- керемет Ортаңғы саусақ- сәттілік, Аты жоқ саусақ- үлкен Кіші саусақ- жетістік Алақандарын тақайды- тілеймін! Үй тапсырмасын тексеру: І-ші топқа кез келген өлшем бірліктер туралы ақпаратты бейнебаян түрде, ІІ-ші топқа графикалық түрде ұсыну туралы мәлімет дайындап келу тапсырылған І топ- «38 тоты құс» мультфильмінен үзінді көрстеді. ІІ топ- «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері» туралы суреттер көрсетеді Миға шабуыл - Бұл мультфильмде не туралы сөз болды? - Бұл ақпараттың қандай түріне жатады? - Біз оны қалай қабылдадық? - Жыланды өлшеу үшін қандай тәсіл қолданды? - Қазақ халқы ертеде қандай өлшемдер қолданды? - Ал ақпаратты қандай өлшем бірлікпен өлшейтінін білесіз бе? Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Бүгінгі сабағымыз «Ақпараттың берілуі, түрлері, өлшем бірліктері» деп аталады. Сабақ білімді жинақтау, бекітуге арналған. |
http://www.tvidi.ru/ch/games/38popugaev/play/9087/38popugaev.aspx 38 тотықұс мудьтфильмінен үзінді |
|
Сабақтың ортасы |
«Мұзжарғыш» стратегиясы
Топтық жұмыс. Постер қорғау. І топ «Ақпаратты қабылдау түрлері» ІІ топ «Ақпараттың берілу түрлері» Постер қорғаған соң «Бас бармақ» арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Жалпы сыныппен жұмыс. «Жуан, жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы «Ақпараттың қасиеттері, ақпараттық үдерістер, өлшем бірліктері» бойынша сұрақтарға жылдам жауап беру. Сұрақтар: 1. Ақпараттың қандай қасиеттері бар? 2. Ақпараттың түсініктілік қасиеті деген не? 3. Ақпараттың өзектілік қасиетіне мысал келтір 4. Ақпараттың толықтық қасиетіне мысал келтір 5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? 6. 1 байт неше битке тең? 7. «Бит» сөзін енгізуді кім ұсынды? 8. Ақпарттың өлшем бірліктерін өсу ретімен ата? 9. «СКАНЕР» сөзінде қанша байт, қанша бит бар? 10. 1Гбайт қанша Мбайтқа тең? "Смайлдар» арқылы бағалау Жеке жұмыс. Компьютерде деңгейлік тапсырмалар орындау. Төменде көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп деңгейлік тапсырмаларды орында: І деңгей https://learningapps.org/display?v=ppapk7dat17 Дескриптор: -Ақпарат қабылдау түрлерін ажырата алады ІІ деңгей https://learningapps.org/display?v=pbcw8aar517 Дескриптор: -Ақпарат өлшем бірліктерін ажырата алады, ретімен дұрыс орналастыра алады ІІІ деңгей https://learningapps.org/display?v=pmbgn4pzj17 Дескриптор: - Ақпараттың өлшемін бір бірліктен екіншіге аудара алады «Табыс баспалдағы» арқылы оқушылар қай деңгейдің тапсырмасын орындады сол баспалдаққа өзінің суретін салып көрсетіп, өзін-өзі бағалайды Сергіту сәті. «Әріпті құра» Мұғалім қандай сөз айтса, сол сөздің бірінші әрпін оқушылар құруы керек. Мысалы: Гигабайт, Терабайт, Флэш-жады, Тінтуір, Робот т.б. Т Талдау жасау Ақпарат тасымалдаушы құрылғылардың өлшемдерін және мүмкіндіктерін салыстырып, сипаттаңдар. Қатты диск Лазерлік диск
|
https://learningapps.org/display?v=ppapk7dat17 https://learningapps.org/display?v=pbcw8aar517 https://learningapps.org/display?v=pmbgn4pzj17 |
|
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау Сонымен, - Балалар бүгінгі сабақтың басында мақсат қандай еді? - Біз сол мақсатқа жеттік пе? - Нені білдік, не үйрендік? Рефлексия Оқушылар сабақ туралы өз ойларын компьютерде сілтеме арқылы өтіп padlet.com-да құрылған парақшаға өз ойларын жазады. Әр оқушының жазғаны мұғалім компьютерінен көрініп тұрады. Үй жұмысы: Оқулықтан 68 бет 6 тапсырма |
https://padlet.com/altinmaralovna/le0cdg6vsb2h |


Пікірлер(0)