Өсімдіктер әлемі
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Тақырып:
Өсімдіктер әлемі
20.03.2020
227
7
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | О5Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады ӘТН3Лексикалық норма Омоним, синоним, антоним сөздерді орынды қолданады |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар:1) мәтін мазмұнын түсінеді; 2) омоним, синоним, антоним сөздерді табады; Көптеген оқушылар:1) нақты ақпараттарды анықтайды; 2) омоним, синоним, антоним сөздерді қолданады; Кейбір оқушылар:1) нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады; 2) омоним, синоним, антоним сөздерді орынды қолданады. |
Тілдік мақсаттар: | Тақырыпқа байланысты тірек сөздер:ат, ақ, бас, ,ауыр, бөл, от, жас, қыс, тән, мал, қанат, қала, т.б. төзімді, ұшар басы, бағалы, жер бетіндегі, сусымалы, өзіне тән т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін |
Күтілетін нәтиже: | <p>1) мәтін мазмұнын түсінеді; 2) омоним, синоним, антоним сөздерді табады;</p><p>3. нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады. </p> |
Бағалау критерийлері: | Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша: Қарапайым, анықтауыштық сұрақтар құрастырады. Әдеби тілдік норма бойынша: Сөздердің синонимдерін табады, омонимдерді түсіндіреді. |
Құндылықтарды дарыту: | туған жерге сүйіспеншілік, қоршаған ортаны қорғау, өмір бойы білім алу |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | интерактивтік тақта |
Пәнаралық байланыс: | ботаника, елтану |
Бастапқы білім: | Жануарлардың өмір сүру ортасы |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (7 минут) |
Қызығушылықты ояту Сәлемдесу, сабаққа дайындық. Өткен тақырыпқа шолу. Сұрақ-жауап. Бейнематериал тамашалау. Сұхбат: - Ал сіздер пайдалы өсімдіктерді білесіздер ме? Олар несімен пайдалы? Сабақтың тақырыбымен, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.Оқушыларды 4 топқа бөлу. | https://www.youtube.com/watch?v=ehTkQSkOUdI |
Сабақтың ортасы (25 минут) |
Мағынаны тану Оқылым алдындағы тапсырма. Берілген өсімдіктердің суретіне мұқият қарап, түр-түсі бойынша атын анықтай аласыздар ма? Оқитын мәтініміз не туралы болатынына болжам жасаңыздар. Бұл өсімдіктерді халқымыз қандай мақсатта пайдаланғанын білесіздер ме? (Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктердің(адыраспан, сексеуіл т.б) суретін беру. Ол өсімдіктердің қасиетін халқымыз қалай пайдаланғанын сұрай, оқушының бар біліміне сүйену.) Оқылым тапсырмасы. Сексеуіл (І топ) Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді. Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға батып кетеді. Бұл таскөмір беретіндей жылу бөле алатын бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі бөлігі бес метрден асады. Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Адыраспан (ІІ топ) Адыраспан өзіне тән өте күшті иісі бар көпжылдық өсімдік. Ақшыл сары немесе ақшыл түсті гүл атады. Оның түтіні адамды тыныштандырады, денені босаңсытып, дезинфекциялайды. Мөлшеріне қарай адыраспан емдеп, уландыра алады. Уы сабы мен гүлінде. Өсімдік талай рет адам баласын обадан, жұқпалы аурулардан сақтап қалған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышымасын емдейді. Тіс ауырғанда, ұмытшақтыққа шалдыққанда, тері бөрткенде т.б. аурулардан емдеу үшін адыраспанды пайдаланған. Жусан (ІІІ топ ) Жусан көп жылдық, кейде бір-екі жыл өсетін шөптесін өсімдік. Шілдеденқыркүйеккедейінгүлдейді. Жусанды тұрмыстадәрілікөсімдікретіндеқолданады.Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады.Жусанның талшық, тықыр, дермене, ермен, тамыр, іле сияқты түрлері бар. Итмұрын (ІУ топ) Итмұрын — көпжылдық өсімдіктердің түрі. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрынның 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иістітүрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазанжәне бауыр ауруларын емдеуге қолданылады. Мәтін мазмұнын топта талқылау. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше жіңішке және жуан сұрақтар құру. / Үш шапалақ/ Оқылымнан кейінгі тапсырма: 1-тапсырма. 1-топқа. Берілген мәтіндерден синоним сөздерді табу. 2-топқа. Омоним сөздерді табу, мысал келтіру. 3-топқа. Антоним сөздерді табу, мақал-мәтелдер жазу. 4-топқа. Жусан, сексеуіл сөздеріне математикалық талдау жасау./бас бармақ/ | http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/16336/ |
Сабақтың соңы (5 минут) |
<p>"Бес жолды өлең" стратегиясымен жұмыс.</p><p>Жусан, сексеуіл</p> | |
Рефлексия (3 минут) |
Рефлекторлық экран Ризамын Ойланамын Түзетемін |
Пікірлер(0)