Жұқпалы аурулар
Жұқпалы аурулар
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.4.3.1 -қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар мен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін және алдын алу шараларын сипаттау. |
| Сабақтың мақсаты: | • Ағзаға енетін жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын біледі; • Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын, ауру белгілерін сипаттайды; • Жұқпалы аурулардың маңыздылығын талдайды; |
| Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика мен терминология: Қантышқақ, фитофтороз, холера, дифтерия, лейшманиоз, герпес, вирус, патогенді ағзалар. Диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Неліктен қантышқақ ауруымен ауырған адам ның қолданған заттары дені сау адамдарға қауіпті? |
| Күтілетін нәтиже: | Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын біледі; Жұқпалы аурулардан сақтану және олардың алдын алу шараларын талдайды; |
| Бағалау критерийлері: | • Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын, олардан туындайтын ауруларды жүйелейді, сипаттайды. • Жұқпалы аурулардан сақтану және олардың алдын алу шараларын қарастырады. • Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін маңызды екенін тұжырымдайды; |
| Құндылықтарды дарыту: | Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру. Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, интернет желісіндегі бейнекөрсетілім |
| Пәнаралық байланыс: | Валеология - жұқпалы аурулар |
| Бастапқы білім: | 8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау; |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 мин) |
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: Топқа бөлу:1-топ: Protist 2-топ: Fungi 3-топ: Virus 4-топ: Bacteria Лездемелік сұрақтар • Дәрумендер деген не? • Дәрумендер қандай топтарға бөлінеді? • Адам өмірінде дәрумендердің рөлі қандай? • Суда қандай дәрумендер ериді? • Майда еритін дәрумендер қандай? • Басты дәрумен деп қандай дәруменді айтады? Жұлдызшалар арқылы бағалау. «Ой шақыру» әдісі • Қандай жұқпалы ауруларды білесіңдер? • Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері мен алдын алу шаралары қандай? «Суреттер сөйлейді» әдісі Берілген суреттерді ажырату. / Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.
Дескриптор: Берілген суреттер бойынша жұқпалы аурулардың түрін ажыратады; Сабақтың тақырыбы айқындалады. Сабақтың мақсаты таныстырылып, оқушылар бағалау критерийін құрастырады. Бейнекөрсетілім: «Дизентерия амебасы». /Бейнекөрсетілімнен не көргендері туралы сұралады және талданады/. |
https://www.youtube. com/watch?v=NJQGcsybG-U |
|
Сабақтың ортасы (30 мин) |
«Сүзіп алу» әдісі / Мәтінмен жұмыс Мәтінді оқып, қай аурудан қалай қорғану, аурудың алдын алу жолдарын анықтайды. 1 топ: Қарапайымдар 2 топ: Саңырауқұлақтар 3 топ: Вирустар 4 топ: Бактериялар Дескрипторлар: • Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды. • Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайды, туындайтын ауруларды жүйелейді. • Аурудың алдын алу шараларын қарастырады. Топтық бағалау Тапсырма 1. Жұптық жұмыс Сәйкестендіріңіз. Қарапайымдар туындататын аурулар:_____________________________________ Саңырауқұлақтар туындататын аурулар:___________________________________ Бактериялар туындататын аурулар:________________________________________ Вирустар қоздыратын: ___________________________________________________ А. Қантышқақ В.Фитофтороз С. Оба D.Күл E. Лейшмания F. Герпес Дескриптор: қарапайымдар, саңырауқұлақтар, вирустар және бактериялар арқылы таралатын ауруларды ажыратады; Тапсырма 2 Terminology/Жеке жұмыс TermsKazakhRussianLeishmaniasis Дескриптор: Негізгі ұғымдарды үш тілде жазады; Өзін - өзі бағалау |
Суреттер Тапсырмалар |
|
Сабақтың соңы (3 мин) |
"Кім көп біледі?" әдісі Жұқпалы аурулар туралы не білдіңіздер? Қандай шараларын білдіңіздер? Ауру кезінде нені ескеру керек? |
стикерлер |
|
Рефлексия (2 мин) |
Кері байланыс: «Табыс баспалдағы». Мен толық түсіндім. Мен түсінген сияқтымын. Маған көмек қажет. |
Табыс баспалдағының суреті |

Пікірлер(0)