Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режімі
География
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Гидросфера
Тақырып:
Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режімі
27.12.2019
94
0
Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режімі | Оқушылардың барлығы: өзен жүйесі, өзен бөліктері мен өзеннің қоректену типтері, өзеннің маңызын жергілікті жермен байланыстыра отырып,түсіндіріп бере алады. Оқушылардың көпшілігі: таулы және жазық өзен аңғарларына талдау жасай алады, өзендерге,оның келіп шығуы, құрылымына сипаттама бере отырып, оның бүкіл табиғи орталықтағы және адамзат өміріндегі жалпы тіршілік үшін маңызын түсіндіре алады. Оқушылардың кейбірі: Жергілікті жердегі өзен аңғарларының халық шаруашылығындағы маңызына баға бере алады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режімі (14 12 2019) |
География Мектеп: Шұбарқұдық гимназиясы Күні: Мұғалім: Дусипова Кунипа Айповна Сынып: 8 Қатысқан оқушылар саны:20 Қатыспағандар:0 Сабақтың тақырыбы: Өзен аңғарының құрылысы. Өзендердің гидрологиялық режімі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.3.3 өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді 8.3.3.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде өзендердің гидрологиялық режімін түсіндіреді. Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: өзен жүйесі, өзен бөліктері мен өзеннің қоректену типтері, өзеннің маңызын жергілікті жермен байланыстыра отырып,түсіндіріп бере алады. Оқушылардың көпшілігі: таулы және жазық өзен аңғарларына талдау жасай алады, өзендерге,оның келіп шығуы, құрылымына сипаттама бере отырып, оның бүкіл табиғи орталықтағы және адамзат өміріндегі жалпы тіршілік үшін маңызын түсіндіре алады. Оқушылардың кейбірі: Жергілікті жердегі өзен аңғарларының халық шаруашылығындағы маңызына баға бере алады. Жоғары деңгейдегі қалыптасатын дағдылар - Оқушылар бойында оқу- зерттеушілік іс- әрекет дағдылары қалыптасады; - Жоғары деңгейде ойлана алу, зейін қою, есте сақтау қабілеттері,топпен жұмыс жасаудағы коммуникативтік дағдылары дамиды, ой- өрісі кеңейеді; - Оқушылардың бойында метабілімділік пен метақұзыреттіліктер қалыптасады; - Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы артады; - Шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін,өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптасады. Оқуды бағалау критерийлері - оқу мақсаттарын біліп, түсінуі; - тиімді кері байланыс орнатуы; - үйрену үдерісіне белсенді түрде қатысуы; - бағалау критерийлерін біліп, түсінуі; - бойында өз жұмыстарын талдау( рефлекция) мүмкіндігі мен құзыреттіліктерінің болуы; - алған білімдерін күнделікті өмірімен ұштастыра алады; Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып- үйрену. Пәнаралық байланыс: Математика, биология, химия, информатика. Күтілетін нәтижелер Өзен аңғарының құрылысын түсіндіре алады. Тілдік мақсаттар: Лексика: оқушылар ауызша және жазбаша коммуникация жинағының болуына байланысты логикалық тізбекпен өздерінің ойларын жеткізе алады. Терминнология:эрозия,эстуарий, терраса арна, жайылма,лиман,өзеннің режімі. Оқылым: оқулық мәтіні, карталар, тапсырмалар Айтылым:сұрақтарға жауап беру,диологтік қарым- қатынас, жұппен жұмыс. Жазылым: өзен аңғарының құрылысын анықтайтын териндерді жазу, тақырып бойынша сөздікпен жұмыстарды орындау. Тыңдалым : бір- бірлерінің пікірлерін тыңдау. Қажетті құралдар мен ресурстар Оқулық, бейнеролик, электрондық оқулық, әртүрлі анықтамалықтар хрестоматиялық материалдар, дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карта, стикерлер. Сабақта қолданылатын техпологиялар Сыни тұрғыда ойлау, топтық, жұптық жұмыс, білім алудағы жаңа тәсілдер, АКТ элементтерін қолдану, бағалау Осыған дейін меңгерілген білім Минералды бұлақтар, емдік- шипалықсауықтыру орталықтары. Сабақ барысы Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушылардың іс- әрекеті Ұйымдастыру кезеңі 2 мин Тренинг.«Бір сөзбен» бүгінгі күнге тілектер мен жылы лебіздер Топқа бөлу; (сандарға сәйкес 1,2,3,4) Жағымды психологиялық жағдай туғызу. Оқушылар топқа бөліну. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин Өткен тақырыпқа шолу жасау мақсатында «Қарлы кесек» тәсілі бойынша топ мүшелері үй тапсырмасы сұрақтарын берілген ақ қағазға жазып, оны екінші топқа лақтырады. Топ мүшелері сұрақтарды қабылдап алып, өзара талқылап, сұрақтарға жауап қайтарады. Топтың берген жауабы қанағаттандырылмаған жағдайда ғана сұрақ беруші жақ өз толықтыруларын ұсынады. Мұғалім олардың берген жауаптарына назар аударады және бағалап отырады. «Қарлы кесек»тәсілі бойынша топтар үй тапсырмасына берілген сұрақтарды ақ қағазға жазып, кезекпен топтарға беріп отырады ,келген сұрақтарға жауап қайтарады. Жаңа тақырыпты меңгерту 3 мин 3 мин 2 мин 3 мин 3 мин 3 мин 3 мин 3 мин Оқушылардың зейінін тақырыпқа аудару мақсатында бейнероликтер көрсетіледі. Картамен жұмыс 1. Картадан ірі өзендерді тауып, аттарын жазады. 2. Өзендерді кескін картаға түсіру. 3. Өзендер туралы мақал- мәтелдер айту. 4. А.И.Воейков не себептен «Өзендер- климаттың өнімі» деп айтқан? Бұны қалай түсінесіңдер? Дескриптор Картадан ірі өзендерді тауып, аттарын анықтай алады Кескін картаға өзендерді түсіре алады Өзендер туралы мақал- мәтелдерді анықтай алады «Өзендер – климаттың өнімі» туралы түсінік бере алады. 1-тапсырма. Өзендер туралы ассоциация құрастырыңдар ( жұптық жұмыс). 2-тапсырма. Төменде берілген сызбадан өзен жүйесі элементтерін анықтап, дәптерге жазыңдар. ( электрондық оқулық) Өзеннің бастауы - Сағасы - оң жақ – сол жақ Өзеннің сағасы - Дескриптор Өзендер жүйесін анықтай алады Өзендер жүйесін сызбалар арқылы көрсетеді 3-тапсырма. Оқулықта берілген «Өзен аңғарының құрылысы» атты суретке талдау жасаңдар ( жеке жұмыс) арна, беткей, терраса туралы ұғым қалыптастыру, ерекшеліктерін білу. Дескриптор Өзен аңғарының құрылысын анықтай алады Өзен аңғарына талдау жасай алады 4-тапсырма.Таулы және жазық өзен аңғарларының ерекшеліктері туралы сызбанұсқаны толтырыңдар (топтық жұмыс). Дескриптор Таулы және жазық өзендер аңғарларының ерекшеліктерін анықтай алады Аңғарларға талдау жасай алады 5- тапсырма. Жер шарындағы ірі өзендердің қоректену типі бойынша кесте құрастырыңдар. Қоректену типі Конго Обь Амазонка Миссисипи Қармен Жаңбырмен Мұздықпен Дескриптор Өзендердің қоректену типін ажырата алады Өзендердің қоректенуін салыстыра алады 6-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Колорадо мен Шарын каньондарына таныстырылым дайындау. Өзендер аңғарының типін анықтау, табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сипаттау. Дескриптор Шатқалдардың ұқсастықтарын ажырата алады Шатқалдардың айырмашылықтарын анықтай алады Оқушылар атлас картаны пайдаланып, мұғалімнің сұрақтарына топпен жауап береді. Өзен сөзіне ассоциограмма құрастырады, өз ойларын бөліседі, жұппен талқылайды. Өзен туралы алған білімдерін еске түсіреді. Өзен жүйесі элементтері,бастау, басты өзен, сол жақ және оң жақ салалар, арна, саға ұғымдарымен жұмыс жасайды. Өзен аңғары құрылысымен танысады. Оқулық мәтінін және қосымша деректерді пайдаланып, таулы және жазық өзен аңғарына тән өзгешеліктерді сипаттайды. Тақырыптық картаны және қосымша ақпаратты пайдаланып, өзендердің қоректену түрлерін анықтап, кестені толтырады. Екі шатқалдардың құрылысы, пайда болуы, табиғаты бойынша салыстырады. Ой сергіту 3 мин «Екі шындық, бір жалған» жаттығуы. Мақсаты; топтың ұйымшылдығын, ынтымақтастығын күшейту, ашықтық атмосферасын қалыптастыру. Топ мүшелері дөңгеленіп отырады; әрбіреуінде қағаз бен карандаш дайын болуы тиіс. Топтағы оқушылар айтылғандардың шындық не жалған екенін түсіндіріп береді. Мысалы; 1. Атырау жасап құятын өзендерге Ніл, Лена, Еділ өзендері жатады. ( шындық) 2. Аңғарлар жер бедері сипатына қарай таулы және жазық аңғарларға бөлінеді. ( шындық) 3. Эрозия тау жыныстарын бұзбайды, ағызбайды. ( жалған) Жаттығу шарттарымен танысады және орындайды. Жаңа сабақты бекіту 2 мин Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы Рефлексия 3 мин Оқушылар тарапынан кеткен оқылықтар болса, түзету жасайды. Сабақта алған білімдері мен әсерлері негізінде кері байланысты жүзеге асырауға болады. «Шеңбердегі доп». Оқушылар шеңберлене отырып,бір- біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады. Топ немесе жұп бір- бірінің жасаған жұмыстарын саралап,қандай нәтижеге жеткендерін айтып береді Үй тапсырмасы 2 мин 21-параграфты оқу. «Қазақстанда көктем мен жазда таситын өзендер туралы» хабарлама әзірлеу. Оқулық мәтінін және қосымша мәліметтерді негізгі ала отырып әзірлейді. Сабақтың соңы 2 мин Рефлексия: - мен сабақта жақсы жұмыс жасадым, барлығы түсінікті болды - мен тапсырманы басқа оқушының көмегімен орындай аламын - сабақ мен үшін қиын болды. Стикер Қосымша ақпарат Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Дифференциация төмендегідей жағдайда іске асады: үлгерімі төмен оқушыларға сөздік пайдалану арқылы қолдау көрсетіледі. Оқушыларға дербес қолдау көрсету сабақтың барысында әрбір әрекет сайын жүзеге асады. Дифференциациялық тапсырмалар арқылы қабілетті әртүрлі оқушылар қосымшадағы тапсырманы орындайды. . Топтық жұмыстан кейін әр топ бірін- бірі бағалау жүзеге асады. Әрбір әрекеттен кейін мұғалімнің кері байланысы арқылы жүзеге асады. Жеке жұмыс тапсырмалар орындау барысында кері байланыс беріліп, жетелеуші сұрақтар арқылы оқыту мақсатына жетелейді. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Оқу мақсаттарын жүзеге асыру барысында оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамытуға әртүрлі әдіс- тәсілдер сабақтың мақсатына жетуге ықпалын тигізді. Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Оқушылар өзен жүйесі, өзен бөліктері мен өзеннің қоректену типтері, өзеннің маңызын жергілікті жермен байланыстыра туралы білімдерін қалыптастырды, көңіл күйлері қалыпты жағдайда болды. Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Сабақ барысында барлық этаптар сақталынды және жүзеге асты. Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Сабақтағы жоспарланған уақыттар сақталынды. Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Сабақ барысында ешқандай өзгерістер енгізген жоқпын. Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Тапсырмалар орындау барысында картамен жұмыс арқылы кескін картаға түсіру 2.. Ой сергіту барысында оқушылар еркін өз ойларын жеткізді. Қандай бір нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1.Тапсырмалар орындау барысында электронды оқулық тапсырмаларын қарастыру қажеттілігі. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Жекеленген оқушылармен жұмыстану қажеттілігі керек екенін білдім. |
Пікірлер(0)