Мағжан Жұмабаев «Қорқыт поэмасы»

Ерғалиева Гүлнар
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №23 жалпы орта білім беретін мектеп
4330
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Мағжан Жұмабаев «Қорқыт поэмасы»

 
Мақсаты Білімділік:
Қазақтың бес арысының бірі – М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұматты толықтыру, поэманың мазмұны және кейіпкерлерімен таныстыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың қазақ әдебиетіне, ақынның жоғары идеясы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы поэзиясына құштарлықтарын, әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік:
Мағжан шығармаларын сүйіп, ұлт қамын ойлаған ақын ретінде білуге, үлгі-өнеге алу рухында, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Критерийлер А. Білу, түсіну.
В. Қолдану.
С. Сын тұрғысынан ойлау.
Д. Коммуникативтік дағдылар.
Нәтиже – Автордың өмірбаяны мен шығармашылығын толықтыра түсті;
– Алған білімдерін постерлер дайындау арқылы қолданды;
– Оқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айта білуге үйренеді;
– Топтық тапсырмаларды орындау арқылы білімді өз беттерімен игеруді үйренді.
Сабақ түрі Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдер Болжау, «БББ» кестесі, «Төрт сөйлем» тәсілі, сұрақ-жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқыту, тест, шығарманы талдату.
Оқыту түрі: бірлескен ұжымдық іс-әрекет.
Ресурстар   https://bilimland.kz                 http://itest.kz/
 Bilimland         iTest.
Сілтемелер https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/mahzhan-zhumabaev-qorqyt-poehmasy mahzhan_zhumabaev_qorqyt_poehmasy,
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/poehziya/lesson/16-mahzhan-zhumabaev-qorqyt-poehmasy.
Көрнекілігі Интерактивті тақта, автор суреті, ақ қағаз, плакаттар, оқулық.
Пәнаралық байланыс Тарих.
Алдыңғы оқу «Сыртқы және ішкі шеңбер құру» әдісі арқылы алдыңғы сабақ бойынша білгендерін сұрақ-жауап бойынша бекітеді.

 

Сабақтың барысы

 

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру сәті «Шаттық шеңбері» тренинг өткіземін. Сиқырлы таяқша арқылы топқа бөлемін.   Сиқырлы таяқшалар.

І. Қызығушылықты ояту

«Болжау»
ІІ. Ой шақыру

Мағжанның «Қорқыт» поэмасы туралы бейнеролигін көрсету.
Бейнероликте айтылған мәселелерді талқылау.
Жетелеме сұрақтар:
1. Мына бейнефильмдерден не байқадыңыздар?
2. Бүгін не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?
3. Қорқыт ата кім?

Оқушылар видеосюжет желісі туралы бір-біріне сұрақ қояды.

Интерактивті тақта

Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/mahzhan-zhumabaev-qorqyt-poehmasy.

Мағынаны тану Оқушыларға https://bilimland.kz/ сайтынан “Қорқыт” поэмасынан үзінді тыңдайды.
І топ. «Қорқыт» поэмасы туралы қысқаша түсінік.
ІІ топ. Поэмадағы Қорқыт бейнесі.
ІІІ топ. «Қорқыт» поэмасындағы автор ұсынған идея – мәңгілік күрес идеясы.
Оқушылар тыңдаған мәтінді басшылыққа ала отырып, постер дайындап, оны қорғайды. Интерактивті тақта https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/poehziya/lesson/16-mahzhan-zhumabaev-qorqyt-poehmasy
Топтық жұмыс https://bilimland.kz сайтынан “Қорқыт” поэмасы шығармасының аудионұсқасын тыңдайды. Сол аудионұсқасы бойынша тапсырмалар орындайды.
1-тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.
2-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
3-тапсырма. Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.
Оқушылар өз бетімен отырып поэманың аудионұсқасымен танысады, түсінеді, тапсырмаларды орындайды. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/mahzhan-zhumabaev-qorqyt-poehmasy
«Төрт сөйлем» тәсілі 1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
   
Тест тапсырмасы https://bilimland.kz сайтында берілген тақырыптық тест тапсырмасын орындау. https://bilimland.kz сайтында берілген тест тапсырмасын орындайды. https://bilimland.kz сайтынан тест тапсырмалары.

«Рефлексиялық – бағалау» кезеңі

 

Кері байланыс: «БББ» кестесі.

Мағжан Жұмабаев «Қорқыт поэмасы»

«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады.

Кесте.

 

Сабақ қорыту «...Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, Жарқыраған әшекейін сүйемін» деп М.Әуезовтың ақын шығармашылығын дүние жүзі әдебиетімен салыстырып, Мағжанның қазақ әдебиетін еуропалық биікке көтерген зор еңбегін тарихи ерлікке балап бағалағаны ешқашан ұмытылмайды.    
Үйге тапсырма 1.«Қорқыт» поэмасын оқып, түсінігін айту.
2. М.Жұмабаев туралы қосымша мәліметтермен танысу.
Оқушылар берілген https://bilimland.kz; http://itest.kz/ сайттарынан мәліметтерді іздеп табады.  
Бағалау Формативті бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау.    
Қате туралы хабарландыру