Қазақ тілі мен әдебиеті

Желдібаева Альфира Актайлаковна
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектеп
6322
ҰБТ тесттері
Тақырыбы:
Қазақ тілі мен әдебиеті

 
1. Абайдың жары Ділдә кімнің тұқымы?
 А) Төле би
 В) Қазбек би +
 С) Әйтеке би
 Д) Жиренше шешен
 Е) Бұқар жырау

2. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында суреттелетін оқиға:
 А) 1916 жылғы көтеріліс
 В) 1917 жылғы ақпан көтерілісі
 С) 1917 жылғы қазан көтерілісі
 Д) 1941 жылғы соғыс
 Е) Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік +

3. Ақжігіт есімі кімге қойылған?
 А) Ақан сері +
 В) Жаяу Мұса
 С) Үкілі Ыбырай
 Д) Балуан Шолақ
 Е) С.Сейфуллин

4. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім?
 А) Жәдігер
 В) Тортай +
 С) Ұлтан
 Д) Байбөрі
 Е) Құлтай

5. «Найман-Ана» аңызындағы оқиғаның өткен жері:
 А) Шекер ауылы
 В) Сарыөзен +
 С) Тараз
 Д) Ыстықкөл
 Е) Ош аймағында
6. Ғ.Мүсірепов «Автобиографиялық әңгімесінде» өзінің ұстазы ретінде айтатын жазушы кім?
 А) Ы.Алтынсарин
 В) С.Көбеев
 С) А.Байтұрсынов
 Д) Б.Өтетілеуов +
 Е) С.Торайғыров

7. Қазтуғанның атын шығарған қай жыр?
 А) «Арғымақтың баласы»
 В) «Қазтуған»
 С) «Мадақ»+
 Д) «Еділ»
 Е) «Алаң да алаң, алаң жұрт»

8. Біржан салдың «Жанбота» әнінің шығуына себеп болған жәйт:
 А) Ел жақсысын дәріптеу
 В) Көп алдында көзге түсу ниеті
 С) Жақсыдан шарапат
 Д) Үстемдерге бас ию
 Е) Өткір ыза +

9. «Зар заман», «Бала зар», «Насихат» шығармаларының авторы:
 А) М.Абайұлы
 В) Ш.Құдайбердіұлы
 С) М.Мөңкеұлы
 Д) Ш.Қанайұлы +
 Е) Ә.Шоқанұлы

10. Қай жыраудың суреттеуіндегі арғымақ:
Арыстандай екі бұтын алшайтып
Арғымақ мінген өкінбес...
 А) Мұрат жырау
 В) Бұқар жырау
 С) Доспамбет жырау +
 Д) Дулат жырау
 Е) Үмбетей жырау

11. Ы. Алтынсаринді атасы Балқожа би қай мектепке оқуға берген?
 А) Омбыдағы Кадет корпусы
 В) Орынбордағы орыс-қазақ мектебі +
 С) Торғайдағы орыс мектебі
 Д) Орынбордағы мұғалімдер семинариясы
 Е) Ырғыздағы қазақ мектебі

12. Сарыбай қанша жаста (Қозы Көрпеш – Баян сұлу)?
 А) 85
 В) 64
 С) 75 +
 Д) 73
 Е) 83

13. Саиф Сараи қай дәуір әдебиетінің өкілі?
 А) Хандық дәуір
 В) Орта түркі дәуірі
 С) Көне түркі дәуірі
 Д) Түркі бірлестігі
 Е) Алтын орда дәуірі +

14. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталады?
 А) «Қаһар»
 В) «Алмас қылыш»
 С) «Ғашықтар»
 Д) «Жанталас» +
 Е) «Қатерлі өткел»

15. М.Шахановтың Әбу – Насыр әл-Фараби өмірінен алған өлеңі:
 А) «Сенім патшалығы»
 В) «Танакөз»
 С) «Арман» +
 Д) «Отырар»
 Е) «Махаббат заңы»

16. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетін ұйымдастырған қала атауы:
 А) Орал
 В) Орск
 С) Орда
 Д) Омбы
 Е) Орынбор +

17. Д.Исабековтің «Әпке» шығармасындағы Қамажайдың қызметі?
 А) сауыншы
 В) мұғалім
 С) дәрігер
 Д) инженер
 Е) кондуктор +

18. Ақан серінің «Сырымбет» өлеңі не жайында?
 А) туған жер
 В) достық
 С) әйел теңдігі +
 Д) серілік
 Е) ағайын

19. Қай ақынның алғашқы өлеңі «Беташар» деп аталады?
 А) Ғ. Мүсірепов
 В) С. Торайғыров
 С) І. Жансүгіров +
 Д) Ш. Құдайбердиев
 Е) М. Жұмабаев

20. Абай дүниеден өткенде М. Әуезов неше жаста еді?
 А) 11 жаста
 В) 5 жаста
 С) 7 жаста +
 Д) 18 жаста
 Е) 10 жаста

1. Ж.Жабаев ордендері мен сыйлықтары:
 A) «Ленин» ордені +
 B) «Қызыл ту» ордені
 C) «Құрмет белгісі» ордені +
 D) «Халық қаһарманы» ордені
 E) «Алтын қыран» ордені
 F) КСРО Мемлекеттік сыйлығы +
 G) Қазақстанның Еңбек Ері
 H) «Дарын» Мемлекеттік сыйлығы

2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дастандары:
 A) «Хал ахуал»
 B) «Ер Көкше»
 C) «Баяннама» +
 D) «Сарыарқаның кімдікі екендігі»
 E) «Гүлшат-Шеризат» +
 F) «Шайтанның саудасы» +
 G) «Үш анық»
 H) «Ғибратнама» +

3. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының кейіпкерлері
 A) Әнет баба +
 B) Кішік +
 C) Жамал
 D) Шолпан
 E) Жұман
 F) Қалқаман +
 G) Ғали
 H) Қалампыр

4. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінде атқамінер қу адамдар кімдер?
 A) Әбіш
 B) Садуақас +
 C) Дайрабай
 D) Уәли
 E) Күлзәйра
 F) Айсары +
 G) Жасыбай
 H) Күсебай

5. Иса Байзақовты кішкентайынан қалай атаған?
 A) Зерек бала
 B) Өнерлі жігіт
 C) Әнші Иса +
 D) Домбырашы бала +
 E) Күйші бала
 F) Әнші сері
 G) Сал сері
 H) Ұғымтал

6. Ғ.Мүсіреповің әңгімелері:
 A) «Ақан сері - Ақтоқты»
 B) «Қыз Жібек»
 C) «Заман және әдебиет»
 D) «Қос шалқар» +
 E) «Амангелді»
 F) «Талпақ танау» +
 G) «Күсен» +
 H) «Өмір ертегісі»

7. Ғ. Мұстафин қандай газеттерде қызмет атқарды?
 A) «Қазақ» газеті
 B) «Қызыл Ту» газеті +
 C) «Еңбекші қазақ» газеті
 D) «Ер Шойын»
 E) «Қарағанды пролетариаты» +
 F) «Әдебиет майданы»
 G) «Жыл құсы»
 H) «Түрксіб»

8. Махмұд Қашқари қай қалаларда білім алған?
 A) Қашқар +
 B) Отырар
 C) Омбы
 D) Бұхара +
 E) Орал
 F) Сайрам
 G) Бағдат +
 H) Яссы

9. Б.Адамбаев қазақтың шешендік өнері кімдерден басталады деген?
 A) Жиренше шешен
 B) Майқы би +
 C) Асан қайғы
 D) Шалкиіз
 E) Аяз би +
 F) Бұқар жырау
 G) Шалқар шешен
 H) Шортанбай

10. Бұқар жырау жырларын қалай бөлуге болады?
 A) Өмір +
 B) Табиғат
 C) Бірлік +
 D) Туған жер
 E) Ерлік
 F) Махаббат
 G) Абылай +
 H) Ана
 
Қате туралы хабарландыру