ҰБТ-ға дайындық үшін география пәнінен тест тапсырмалары

Сүлейменов Жақсыбек Далибекович
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, ФМБ НЗМ
39566
ҰБТ тесттері
Тақырыбы:
ҰБТ-ға дайындық үшін география пәнінен тест тапсырмалары

 
1. Баянауыл тауында өсіп тұрған ағаштар жылдан жылға таудың бұзылуына себепші болады. Бұл үгілудің қай түрі?
 А) химиялық
 B) антропогендік
 C) физикалық
 D) эндогендік
 E) органикалық +
2. ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы:
 A) «Энергияны үнемдейік»
 B) «Болашақ энергиясы» +
 C) «Болашақтың өнеркәсібі»
 D) «Баламалы энергия»
 E) «Табиғатты қорғайық»
3. Егер тау етегінде ауа температурасы 25°С, ал тау төбесінде – 5°С болса, таудың биіктігін анықтаңыз.
 А) 4,5 км
 B) 1,5 км
 C) 6 км +
 D) 2,8 км
 E) 3 км
4. Суретте Қазақстанның физикалық-географиялық аумақтары сандармен көрсетілген. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтетін аласа таулы аумақты көрсетіңіз.
ҰБТ-ға дайындық үшін география пәнінен тест тапсырмалары - 1
 А) 3, Мұғалжар +
 B) 1, Тұран
 C) 9, Жетісу Алатауы
 D) 4, Шығыс Еуропа
 E) 7, Алтай
5. Мальдив, Шпицберген, Самоа, Алеут. Бұл географиялық нысандарға не ортақ? Бұлардың барлығы ...
 А) қалалар
 B) аралдар
 C) архипелагтар +
 D) мемлекеттер
 E) шұңғымалар
6. Суретте көрсетілген климатограмма қай климаттық белдеуге сай екенін анықтаңыз.
ҰБТ-ға дайындық үшін география пәнінен тест тапсырмалары - 2
 А) қоңыржай +
 B) субарктикалық
 C) тропиктік
 D) экваторлық
 E) субэкваторлық
7. Испанша «кішкентай бала» мағынасын білдіретін, Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі беттік қабатындағы су температурасының артуынан пайда болатын құбылыс:
 А) Гольфстрим
 B) Кататумбо нажағайы
 C) Перу ағысы
 D) Эль-Ниньо +
 E) Бермуд үштағаны
8. Адамның демалысын ұйымдастыру мақсатында пайдаланылатын ресурстар:
 А) рекреациялық +
 B) зияткерлік
 C) мұхиттық
 D) биологиялық
 E) антропогендік
9. Есептеңіз: 1:500 000 масштабтағы картада 1 см неше километрге тең?
 А) 5 км +
 В) 25 км
 С) 50 км
 D) 0,5 км
 Е) 0,05 км
10. Қай ел соңғы онжылдықтарда еңбек мигранттарын өзіне көптеп тартады?
 А) Сауд Арабиясы +
 B) Түркия
 C) Венесуэла
 D) Сербия
 E) Ирак
11. Картада көрсетілген елдер мүше ұйымды атаңыз.
ҰБТ-ға дайындық үшін география пәнінен тест тапсырмалары - 3
 А) Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымы (ОПЕК) +
 B) Британ Достастығы Елдері (BCN)
 C) Солтүстік Атлантика Келісім Ұйымы (НАТО)
 D) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ)
 E) Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ)
12. Ел азаматтарының өмір сүру жасы, ересектер арасындағы сауаттылар үлесі және жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері Адам даму индексін құрайды (АДИ). АДИ халықтың ... анықтайды.
 А) ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін
 B) өмір сүру сапасын, деңгейін +
 C) демократия жолындағы табыстарын
 D) өркениетке қолжетімділігін
 E) құқықтарының сақталу деңгейін
13. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының тиімсіз жағы:
 А) ҚР әртүрлі мәдениеттердің тоғысуында орналасқан
 B) континенттің ортасында +
 C) Азия мен Еуропаның аралығында
 D) Қытай мен Ресейдің көршісі
 E) Жауын-шашынның аз болуы
14. Атқаратын рөлі, қамтитын аумағы бойынша жан-жақты, құрамына ең көп елдер кіретін халықаралық ұйым:
 А) ТМД
 B) БҰҰ +
 C) ШЫҰ
 D) ЕЫҚҰ (ОБСЕ)
 E) НАТО
15. Оңтүстік Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі және машина жасау өнеркәсібі біршама дамыған қаласы:
 А) Алматы +
 B) Шымкент
 C) Тараз
 D) Өскемен
 E) Қаратау
16. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын орналастырудың басты факторлары:
 А) отын және еңбек күші
 B) ғылыми және су
 C) шикізат және тұтынушы +
 D) су және еңбек күші
 E) көлік және энергетикалық
17. Қайсысы тікелей инвестицияларға жатпайды?
 А) шетелдік кәсіпорынның іс-әрекетіне тікелей бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін инвестиция +
 B) шетелде кәсіпорын салу
 C) өзара келісім нәтижесінде біріккен кәсіпорындарды ашу
 D) шетелдік қаражатқа ие болған кәсіпорындарды сатып алу немесе приватизациялау
 E) шетелдерде орналасқан еншілес кәсіпорындарға салынған инвестиция
18. Әлемдегі шетелдік туристерді ең көп тартатын спорттық туризмнің орталығы:
 А) Карпат тауы, Украина, Чехия
 B) Альпі тауы, Франция, Швейцария +
 C) Аппалач тауы, АҚШ
 D) Кавказ тауы, Ресей, Грузия
 E) Тянь-Шань, Қазақстан
19. Темірді экспорттауда көшбасшы елдер:
 А) Ресей, Қазақстан, Украина
 B) Бразилия, Аустралия, Қытай +
 C) Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы, Германия
 D) Франция, Ұлыбритания, АҚШ
 E) Аргентина, Замбия, Мексика
20. Жаһандық проблемалардың басты ерекшелігі:
 А) Дүние жүзі халықтарының бірлесіп әрекет етуін, барлық мемлекеттердің күш-жігерін қажет етеді +
 B) Дамыған елдердің потенциалын көбірек қолдануды қажет етеді
 C) Деградацияға көбірек ұшыраған аумақтарға көбірек қаражат тарту қажет
 D) Континенттік сипатқа ие
 E) Жаһандық проблемаларды шешу мүмкін еместігі


21-30. Бірнеше дұрыс жауаптары бар тапсырмалар

21. Қазақстан Республикасына қатысты барлық дұрыс жауаптарды таңдаңыз.
 A) Барлық экономикалық аудандарында өнеркәсіптің өңдеу саласы басым
 B) Қарағанды-Теміртау ең ірі қала агломерациясы +
 C) Дайын өнімдердің басым бөлігін АҚШ, Франция, Жапония, Аустралиядан импорттайды
 D) Химия өнеркәсібі отандық шикізатпен қамтамасыз етілген +
 E) Оңтүстік Қазақстан агроклиматтық ресурстарға бай +
22. Барлық дұрыс жауаптарды таңдаңыз.
 A) Су тау жыныстарын тасымалдай, бұза және жаңа табиғат нысандарын жасай алады +
 B) Метаморфтық тау жыныстары үгілу нәтижесінде пайда болады
 С) Табиғаттағы ең қатты минерал пирит
 D) Қазақстанда сөнбеген жанартаулар Алтай тауында бар
 E) Шөгінді тау жыныстары судың температурасы, қысымы және ондағы әртүрлі процестердің әсерінен түзіледі +
23. Қазақстанның климатына қатысты барлық дұрыс жауаптарды таңдаңыз.
 A) Жауын-шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай азаяды
 B) Қыста Сібір антициклонының батыс тармағының әсері нақты байқалады +
 C) Көктемнің соңы мен жаздың басындағы үсік арктикалық ауа массаларының еркін енуінен болады +
 D) Алматы қаласы Испанияның, Италияның, Болгарияның пальма, цитрус тұқымдастары өсетін ендіктерінде орналасқан +
 E) Қауіпті атмосфералық құбылыстар жылдың жылы кезеңінде көбірек байқалады
24. Балқан түбегінде толық немесе бір бөлігі орналасқан елдерді атаңыз.
 А) Италия +
 B) Чехия
 C) Аустрия
 D) Болгария +
 E) Франция
25. Егер Іле Алатауының орнында Қаратау таулары орналасса, Алматы қаласы климатында қандай өзгерістер болар еді?
 A) жауын-шашын мөлшері азаяр еді +
 B) мұздықтар саны артар еді
 C) ауа температурасы тұрақты болар еді
 D) желдің жылдамдығы артар еді +
 E) қысы бір айға ұзағырақ болар еді
26. Еліміздің еуропалық бөлігінде орналасқан облыстар:
 А) Жамбыл
 В) Батыс Қазақстан +
 Г) Атырау +
 Д) Маңғыстау
 Е) Торғай
27. Жауаптардың дұрыс жұптарын табыңыз – «жер бедерін түзуші факторлар – жер бедерінің түрі»:
 1. Өзендер әрекеті – каньон +
 2. Карстық үрдістер – өзен аңғары
 3. Жел әрекеті – кратер
 4. Мұздық әрекеті – мореналар +
 5. Жер сілкінісі – мұздықтар
 A) 1 +
 B) 2
 C) 3
 D) 4 +
 E) 5
28. Картографиялық проекция түрлерін көрсетіңіз.
 A) Азимуталды +
 B) Шар тәріздес
 C) Цилиндрлі +
 D) Меридиандық
 E) Конустық +
29. Озон (O3) қабатының жұқаруы Жердегі тіршілікке қауіп төндіруде. Озонның түзілуіне алып келетін химиялық элементтер мен қосылыстар:
 A) бром +
 B) азот
 C) фреон +
 D) хлор +
 E) шаң-тозаңдар
30. Суретте Қазақстанның және Орталық Азияның географиялық нысандары берілген. 23 және 30 сандарына сәйкес келетін нысандарды табыңыз.
ҰБТ-ға дайындық үшін география пәнінен тест тапсырмалары - 3
 A) Алтай
 B) Ферғана аңғары +
 C) Каспий маңы ойпаты
 D) Мұғалжар +
 E) Сарыесік-Атырау
Қате туралы хабарландыру