Емтихандар еш қорқынышты емес: «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз!

Емтихандар еш қорқынышты емес: «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз!

Қорытынды аттестаттау және ҰБТ – ересек өмір табалдырығын аттағалы тұрған мектеп түлектері үшін айтарлықтай сынақ. «Келешегім осы емтихандардың қаншалықты жемісті тапсырылатынына байланысты» деген ой оқушыларды, ата-аналар мен мұғалімдерді уайымға жетелейді. Ұстаздардың осы тұстағы алатын орнын тым асыра бағалау қиын: сынақтарға дайындалу кезінде шәкірттер дәл осы ұстаздарына арқа сүйейді. Мұғалім дайындықтың қай әдіс-тәсілін таңдайтынына, білім алу жолында өз шәкіртін қаншалықты қолдап, дұрыс бағыт сілтей алатынына оқушының емтиханда алатын бағасы байланысты болып тұр. Сондықтан жыл сайынғы Республикалық «Жаңашыл мұғалім» байқауының ұйымдастырушылары «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымын айырықша бөліп көрсетеді.

2019 жылы осы аталым бойынша жарысқа 46 жұмыс келіп түсті. Тәуелсіз сарапшылар мүшелері бірауыздан 25 жылдан астам еңбек өтілімі бар жоғары санатты математика пәні мұғалімі Станогина Наталья Владимировнаның жұмысын ең үздік деп тапты.
25 мамыр күні Қостанай қаласында оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында Bilim Media Group компаниясының ресми өкілі жеңімпазға лайықты жүлделерді табыс етіп, марапаттады.

СТАНОГИНА НАТАЛЬЯ ВЛАДИМИРОВНА
Конкурс2
Облысы, қала: Қостанай қаласы
Мектеп: «№22 ОМ» ММ
Пән: Математика
 
Сынып: 11
Сабақ тақырыбы: Көп қырлы денелер
Жұмыс тілі: Орыс
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге
 
 
 
 

 

Математиканың зерттелуі күрделі келетін бөліміне арналған видеосабақ өз қисынымен, сабақтың әр сатысына қатысты комментарийлердің нақтылығымен, тапсырмалар мен жаттығулардың сан алуандығымен, сондай-ақ шәкірттерге деген зор ыждаһатымен көңілден шығып, мазмұндылық, өзектілік және нәтижелілік секілді критерийлер бойынша әділқазылар алқасы берген ең жоғары ұпайға ие болды. Сабақ барысында жеке-дара, топтық және бетпе-бет секілді жұмыстың барлық түрі қолданылды.  

Әділқазылар алқасының пікірінше, Наталья Владимировнаның жеңімпаз атануына септігін тигізген бұл жұмыстың ерекшелігі – интерактивті жаттығуларды орындау барысында смартфондардың қолданылуы. Бұл әдіс барынша тиімді әрі шынайы өмір жағдайына мейлінше жақын келеді, өйткені телефондар қолдануға ыңғайлы және жеке компьютерлерге қарағанда оқушылардың барлығында дерлік бар.
Әділқазылар алқасы «бұл сабақ нағыз жаңашыл мұғалімнің сабағы» деп атап көрсетті, өйткені ұстаз білім беріп қана қоймай, шәкірттердің өз бетінше оқуын және өткен материалды қайталауын сенімді түрде бағдарлап, соның аясында BilimLand және iTest сайттарын барынша қолданған.

«Менің ойымша, ең үздік сабақ осы. Мұғалім интерактивті ресурстарды шын мәнісінде қолданады. Компьютер немесе планшетті бүкіл сабақ барысында пайдаланғану біртүрлі жасанды көрінер еді. Наталья Владимировна сабақта смартфондарды қолданды, ал бұл өз кезегінде оқу процесіне неғұрлым жеңіл, табиғи нышан берді, оқушылармен арадағы байланысты жоғалтпау мүмкіндігін туғызды», – деп бөлісті өз ойымен тарих пәнінің оқытушысы, ҰБТ-ға дайындық бойынша тест сұрақтары және bilimland.kz сайтындағы «Қазақстан тарихы» курсының сабақ сценарийлерінің авторы Садвақасов Ильяс Маратұлы.

Bilim Media Group компаниясы оқушылардың Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға сапалы дайындалуына ерекше назар аударады. Ол үшін білікті мамандардың бір тобы кез келген уақытта, кез келген құрылғы арқылы ОЖСБ, Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндік беретін виртуалды жаттықтырғыш – itest.kz сайтының базасын зерделеп, толықтырып отырумен айналысады. Қолдау көрсетіп келе жатқан мұғалімдердің қосқан үлесі аса құнды, ал Bilim Media Group компаниясы өз кезегінде осындай байқаулар өткізу жолымен ұстаздарды жігерлендіріп, марапаттап келеді.

Наталья Владимировнаны әділ жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!