Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы: «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз!

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы:  «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз!

Адамзат баласын алға жетелейтін күш білімде жатыр. Ал сол сарқылмайтын рухани байлық саналатын білімді шәкірт бойына сіңіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде адал қызмет атқаратын абзал жан – Ұстаз.

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», – деп Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай, жас ұрпақ тәрбиелеуде еңбегі сіңген әр мұғалімді жаңашыл қырынан танытуға атсалысып жүрген Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен өткен «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауы да өз мәресіне жетіп, бәйгеге тігілген қомақты сыйлықтар өз иелерін тапты.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жаңашыл мұғалімдерден келген жұмыстар өте көп болды. Соның ішінде «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымы бойынша байқауға қазақ, орыс тілдерінде, барлығы 106 жұмыс келіп түсіп, оның ішінде 68 жұмыс ақтық сынға өтті.

Байқаудың екінші кезеңіне өткен жұмыстардың ішінде сабақ беру мен тәрбиені шебер ұштастыра білген Сағындықова Әсемгүл Сабыржанқызының «Дос болайық бәріміз!» деген тақырыпта өткен тәрбие сағаты ерекше жаңашылдығымен көзге түсіп, жеңімпаз атанды. Жеңісіне қуанған жаңашыл мұғалім: «Желтоқсан айының ортасында «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауының басталғанын сайттан көріп, қатысамын деп шештім. Алдымен сабағымды, кейіннен видеосабағымды жібердім. Нәтижесі ойдағыдай шығып, жеңімпаз атандым. Сол сәттегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Мен үшін бұл үлкен жетістік», – деген қуанышымен бөлісті.

Жеңімпазымыздың қуанышына ортақтасып, байқау жүлдесін табыстап, марапаттау үшін 25 мамыр күні Bilim Media Group компаниясының арнайы өкілі Ақтөбе қаласына барып, соңғы қоңырау аясында ұйымдастырылған салтанатты жиында болып қайтты. Жиынға мектеп ұжымымен қатар, Ақтөбе облысындағы «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталықтың әдіскер маманы Қобландина Ардақ Сембайқызы қатысып, осы өңірден шыққан жеңімпазға жылы лебіздерін білдірді.

САҒЫНДЫҚОВА ӘСЕМГҮЛ САБЫРЖАНҚЫЗЫ
Конкурс
Облыс, елді мекен: Ақтөбе қаласы
Мектеп: «№60 ЖББОМ» КММ
Пән: бастауыш сынып
 
Сынып: 1
Тәрбие сағатының тақырыбы: Дос болайық бәріміз!
Жұмыс тілі: қазақ
  
Сыйлық: Жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге
 
 
 
 

Сарапшылардың пікірінше мұғалім еш нәрсені назарынан тыс қалдырмаған. Сарапшымыздың бірі, әрі былтырғы «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының жеңімпазы Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы: «Сабақтың тәрбиелік мәні зор. Мұғалімнің сабақты ұйымдастыру кезеңінде BilimLand Kids ресурсын шәкірттермен сәлемдесуде пайдалануы ұтымды шыққан. Бұл өз кезегінде оқушылардың көңілін көтеріп, белсенділігін арттырды. imектер.kz ресурсы да сабақтың мазмұнына сай, дос пен таныстың ара жігін ажыратуға бағытталған видео екен. Педагог шебер қолдана білген. 1-сынып оқушылары үшін барынша жеңіл, нәтижелі сабақ болған», – деп әділ бағасын берді.

Шынымен де байқау талаптарымен мұқият танысқан жеңімпаздың осы жарысқа ерекше жауапкершілікпен қарап, көп ізденгенін істеген жұмысынан байқауға болады. Сабақты, сыныпты көркем безендіруі, шәкірттерін талғаммен киіндіруі, сабақта АКТ-ны ерекше тәсілмен пайдалануы, оқушылардың алғырлығы – бәрі-бәрі видеоның әдемі шығуына септігін тигізген. Мұғалім imektep.kz порталынан тәрбиелік мағынасы жоғары видео көрсетіп, кері байланыс ретінде оқушылардың жеке пікірлерін білуі өте сәтті шыққан. Өйткені баланың пікірін сұрау оның өз ойын толық жеткізе білу қабілетін дамытуға көмектесетіні анық.

Рухани құндылықтар алдыңғы орынға шыққан жаңа заманда өскелең ұрпаққа білім берумен қатар жақсы тәрбие беру де өте маңызды іс. Осы жолда тәжірибелі мамандардың тәрбие саласындағы жемісті еңбегі барша жастарға үлгі болары сөзсіз. Ендеше «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымының жеңімпазы Сағындықова Әсемгүл Сабыржанқызын жеңісімен құттықтап, еңбегіңіз жемісті болсын дейміз!

Жеңімпаздардың барлығын жеңістерімен құттықтаймыз!

Сіздер сияқты ұлағатты ұстаздарымыз көп болсын!

Похожие статьи

«Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан педагогтер арасынан бірдей екі ұстаздың маңдайы жарқырады! - Bilimland.kz «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан педагогтер арасынан бірдей екі ұстаздың маңдайы жарқырады!
07.06.2019
Емтихандар еш қорқынышты емес: «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз! - Bilimland.kz Емтихандар еш қорқынышты емес: «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз!
04.06.2019
Заманауи технологиялар және ШЖМ-дағы педагогтердің кәсіби шеберлігі - Bilimland.kz Заманауи технологиялар және ШЖМ-дағы педагогтердің кәсіби шеберлігі
29.05.2019