«Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының 1-кезең қорытындысы

«Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының 1-кезең қорытындысы

2019 жылы 4 наурыз күні «Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Биыл байқауға 4 аталым бойынша барлығы 1615 жұмыс келіп түсті. Оның ішінде 1123 жұмыс қазақ тілінде, 376 жұмыс орыс тілінде, 116 жұмыс ағылшын тілінде болды. Ал аталымдар бойынша келіп түскен жұмыстар санына тоқталсақ – «Сабақтағы АКТ» аталымына – 1396 жұмыс, «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымына – 107 жұмыс, «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымына – 46 жұмыс, «Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ» аталымына – 66 жұмыс.

Сарапшылар комиссиясы екі аптаның ішінде барлық жаңашыл мұғалімнің жұмыстарын саралап, екінші кезеңге өткен қатысушылардың тізімін ұсынды. Осы тізім жарияланғаннан кейін қатысушылардың көкейінде «Жұмысым іріктеуден неге өтпеді?» немесе «Байқауда жеңіске жету үшін енді не істеуіміз керек?» деген сауал тұруы әбден мүмкін. Сол себепті сарапшылар келесі кезеңге өте алмаған қатысушылардың жіберген басты қателіктерін жіктеп берді. Олар:

  1. Аталымның талаптарға сәйкес келмеуі – ең басты қателік, себебі қатысушылар байқау талаптарын дұрыс түсінбеген. Мұндай қателікті болдырмау үшін алдымен байқау Ережесіндегі әр аталымның шарттарымен мұқият танысып шығу қажет.
  2. Қолданылған ресурстың нақты сілтемесі көрсетілмеген: жұмыс жоспарында, мысалы bilimland.kz сайты қолданылған делік, алайда пайдаланылған сабақтың немесе материалдың қайдан алынғанын көрсететін сілтеме жоқ. Егер сілтеме нақты көрсетілмесе, демек сарапшылар бұл сабақта АКТ қолданылмаған деп шешім шығарып, жұмысты ары қарай өткізбеуге толық құқы бар.
  3. BilimLand ресурстарының мүлдем болмауы: біздің ресурстарды пайдаланбай жазылған сабақ жоспары «Жаңашыл мұғалім» байқауының талаптарына сәйкес емес.
  4. Қате таңдалған аталым. Таңдалған аталым бойынша талаптарға сай келмеген жұмыстар да кездеседі. Мысалы, «Шағын жинақты мектептегі АКТ» аталымына жинақталған сыныпта, яғни екі сыныпты қосып өткізген сабақ жоспарын жолдау қажет болған. Ал бізге келген көп жұмыста сабақ жоспары жан-жақты, толық жазылғанымен, сабақ бір сыныпта өткізіледі. Бұл өрескел қателік. Әр аталымға сәйкес шарттарды мұқият оқып, жұмысыңыздың талаптарға сай екеніне толық көз жеткізу қажет.
  5. Тым қысқа сабақ жоспары – сабақтың құрылымын толық сипаттап, қандай ресурстар пайдаланылғанын көрсетіп, сабақ беруде не үшін әрі қалай қолданатыныңызды егжей-тегжейлі жазу қажет.
  6. Мәтіндегі автордың жеке көзқарасының бірегейлігі. Жұмыстағы ақпараттардың көп бөлігі өзге дереккөздерден көшіріп алынған. Мәтіннің бірегейлігі байқау талаптарына сай екеніне көз жеткізіңіз.

Міне, жұмыстарды іріктеу кезінде сарапшылар комиссиясы байқаған қателіктер осындай. Қатысушылардың келесі кезеңге өте алмауының да себебі осы. Мұқият оқып шықсаңыз, келесі жылы «Жаңашыл мұғалім» атануға мүмкіндігіңіз еселенбек.

 

Олай болса, байқауға қатысқан барлық педагогтерге зор алғыс айтамыз.  Ал 2019 жылдың 21 наурызы күні басталатын ақтық кезеңге жолдама алған қатысушыларымызды шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз және жаңашыл мұғалімнен жаңалығы көп, ереше жұмыс күтеміз.

 

bilimland.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздағы жаңалықтарды оқи жүріңіз.

 

2-кезеңге өткен қатысушылар тізімін көру

Ұқсас мақалалар

«Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан педагогтер арасынан бірдей екі ұстаздың маңдайы жарқырады! - Bilimland.kz «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан педагогтер арасынан бірдей екі ұстаздың маңдайы жарқырады!
07.06.2019
Емтихандар еш қорқынышты емес: «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз! - Bilimland.kz Емтихандар еш қорқынышты емес: «АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз!
04.06.2019
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы:  «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз! - Bilimland.kz Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы: «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымының жеңімпазын назарларыңызға ұсынамыз!
31.05.2019