«Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының 2-кезеңі – видеоларыңызды күтеміз!

«Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының 2-кезеңі – видеоларыңызды күтеміз!

2019 жылдың 26 сәуіріне дейін жалғасатын «Жаңашыл мұғалім – 2019» байқауының екінші кезеңі басталды.

Екінші кезеңге өткен қатысушылар таңдалған аталым бойынша (аталымды ауыстыруға болмайды) видео форматындағы жұмыстарын жолдауы тиіс. Егер 1-кезеңдегі сабақ жоспары мен 2-ші кезеңге жіберген видео әртүрлі сабақ жоспарына жазылған болса, онда екінші кезең жұмысын жүктер кезде Word форматында қосымша қоса кету керек.

Бірінші кезеңдегі қойылған талаптар екінші кезеңде де өзекті боп қалады.

Екінші кезеңге өтіп, байқау талаптарына сәйкес жұмыс жолдаған қатысушылардың барлығы Bilim Media Group компаниясынан Алғысхат алады.

2-кезеңге өткен қатысушылар тізімін көру

Қандай жұмыстар байқау талаптарына сай деп есептеледі?

2-кезеңнің видео жұмысы материалдың мазмұны мен негізгі техникалық сипаттама бойынша бағаланады:

  • Түсірілімнің сапасы (түсірілім кезінде камераның бейненің анық болмағаны дұрыс емес).
  • Дыбыс сапасы (дыбыс жазу құрылғыңыз дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз; сапаны жақсарту үшін дыбысты жеке жабдыққа жазып, видеоны монтаждау ұсынылады).
  • АКТ пайдалануды көрсету (видео сабақ жоспарына сәйкес келуі керек, сабақ кезінде цифрлық ресурстарды пайдалану көрсетілу қажет).

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, ерекше жұмыстарыңызды күтеміз!

2-кезеңге қатысу

214Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
zha.6339
zha.6339
26 сәуiр 2019 ж. 16:17
Сәлеметсіз бе? Менің жібергем видеом сіздерде ашылды ма?
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:57
Сәлеметсіз бе! 8 727 344 95 95, 8 707 944 95 95 телефон нөмірлеріне хабарлассаңыз, өз аты-жөніңізді айтып сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
Гульжаухар Махымова
Гульжаухар Махымова
26 сәуiр 2019 ж. 15:54
Сәлеметсіз бе? Видионың көлемі көп болса жүктелуі қиын болады ма? Сіздер көрсеткен МБ тан көп болып тұрюНе істесем болады?
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:53
Сәлеметсіз бе! Егер интернеттің параметрлері жақсы болса, жүктесеңіз болады. бірақ ол біраз уақыт алады. Ескертеміз - жұмыс қабылдау уақыты сәурдің 29-на дейін ұзартылды. Сәттілік!
Нагима Турниязова
Нагима Турниязова
26 сәуiр 2019 ж. 15:37
Мен видеоны интернеттен тегін жүктелген программамен монтаждаған едім. Бірақ ол жерде уақытша видеоредактор деп шығып тұрады екен. оның зияны жоқ шығар?
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:50
Зияны жоқ, жүктесеңіз болады. Бірақ ондай жазу сыз жасайтын программа қолдансаңыз жақсы болар еді.
Нагима Турниязова
Нагима Турниязова
26 сәуiр 2019 ж. 15:32
Сәлеметсіз бе. Жұмысымыздың жүктелгенін қалай білуге болады?
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:49
Сәлеметсіз бе! Сауалнаманы толтырып видеоны жүктеп біткенде экранның оң жағында Видео жүктелді деген жасыл жазу шығады.
Мадина Абдыкалыкова
Мадина Абдыкалыкова
26 сәуiр 2019 ж. 15:06
Сәлеметсіздер ме, менің видеом кешеден бері тұр, жіберілмей жатыр, конвертировать етіп жібергенмін, бүгін тағы да жібердім, бірақ жүктелмей жатыр.
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:43
Сәлеметсіз бе! 8 727 344 95 95, 8 707 944 95 95 телефон нөмірлеріне хабарлассаңыз, сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
Тарбия Алибекова
Тарбия Алибекова
26 сәуiр 2019 ж. 14:52
2 кезең видеосы 960х540 133 МБ ұзақтығы 11 минут 1280х720 161 МБ ұзақтығы 11 минут қайсысы талапқа сай Қайсысын сайтқ жүктеймін?
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:34
Сәлеметсіз бе! Екінші вариантты да жүктесеңіз болады, егер интернет жылдамдығы сай болса. Жұмыс қабылдау уақыты сәуірдің 29-на дейін ұзартылды, сондықтан асықпай жүктесеңіз болады. Сәттілік!
Зульфия Муратова
Зульфия Муратова
26 сәуiр 2019 ж. 14:38
Мен өзім ,ұлдарым барлығымыз осы сайтты пайдаланып сабақ өтеміз
Бибигуль Баймурзаева
Бибигуль Баймурзаева
26 сәуiр 2019 ж. 14:35
Жүктеген видео сіздерде дұрыс ашылды ма
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:33
Сәлеметсіз бе, Бибигүл! Видеоңыз жүктелді және ашылды. Сәттілік!
Бибигуль Баймурзаева
Бибигуль Баймурзаева
26 сәуiр 2019 ж. 14:28
Салеметсиздер ме Екінші кезеңге дайындаған видеомды жүктедім. Сәтті жүктелді деген жазуы шыкты. Сайт топтамаларын үнемі сабағыма қолданып жүрмін.Өте керемет!
Бекзат Жомартова
Бекзат Жомартова
26 сәуiр 2019 ж. 14:05
Жіберу ушін почтасы барма
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
26 сәуiр 2019 ж. 16:29
Сәлеметсіз бе! Жұмысыңызды поштамен емес, блогтың астындағы «2-кезеңге қатысу» түймесін басып сауалнамаға жүктеу керек. ережелерін мұқият оқып шығыңыз - жеңіске жетуге көмектеседі! Сәттілік!