«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауы бірінші кезеңінің қорытындылары

«Жаңашыл мұғалім – 2020»  байқауы бірінші кезеңінің қорытындылары

2020 жылғы 2 наурызда «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауының бірінші кезеңі аяқталды.

Байқаудың бірінші кезеңін қорытындылаймыз! Биылғы жылы көптеген педагогтердің өтініштері бойынша байқаудың бірінші кезеңін аяқтау мерзімі 29 ақпаннан 2 наурызға ауыстырылды.

Бес аталым бойынша: «Сабақтағы АКТ», «Тәрбие сағатындағы АКТ», «АКТ-ны қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану», «Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ» және осы жылдың жаңа аталымы бойынша «Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» барлығы 1782 жұмыс қабылданды, оның ішінде қазақ тілінде 1250, орыс тілінде 400 және ағылшын тілінде 132.

«Сабақтағы АКТ» аталымы дәстүрлі түрде жоғары танымалдылыққа ие болды, басты шарты біздің BilimLand, iTest, iMektep, Twig-Bilim, BilimKIds ресурстарымыздың кем дегенде екеуін пайдалану.

«Мектепке дейінгі білім беруде АКТ» жаңа аталымы пайда болуына байланысты, осы жылы байқауға мектепке дейінгі білім беру педагогтері белсене қатысып, балабақшалардың тәрбиешілеріне және ата-аналарға арналған BilimKids бірегей ресурсын қолдану арқылы сабақтар мен таңертеңгіліктердің қызықты әзірленімдерін жолдады.

Жылдан жылға жұмыстардың саны ғана емес, сапасы да артып келе жатқаны көңіл қуантады!

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша екінші кезеңге өткен қатысушылар анықталды.

Екінші кезеңге өткен қатысушылардың тізімін көру

Біз байқауға қатысқан барлық педагогтерге алғыс айтамыз, ал ақтықсынға қатысушыларды 2020 жылғы 11 наурызда басталып 24 сәуірде аяқталатын екінші кезеңге өтулерімен құттықтаймыз.

Екінші кезеңнің барлық қатысушыларына шығармашылық табыс тілей отырып, олардың ерекше және бірегей жұмыстарын күтеміз!

bilimland.kz сайтындағы және біздің әлеуметтік желідегі парақшалардағы жаңалықтарды назарда ұстаңыздар.

Пікірлер40

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
ТАЗАГУЛ МАЛАНОВА
ТАЗАГУЛ МАЛАНОВА
2020-03-11T11:14:49.000000Z
Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! Барлықтарыңызды құттықтаймын. Сәттілік тілеймін.
Мейрамкүл Әлиасқарова
Мейрамкүл Әлиасқарова
2020-03-11T08:34:48.000000Z
Урааа, ІІ кезеңге өттім! Сіздерге шығармашылық табыс, сәттілік тілеймін! АЛҒА!
Надежда Азаматова
Надежда Азаматова
2020-03-11T07:39:33.000000Z
Қайырлы күн! Істеріңізге сәттілік! Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін.
Жұпар Нурланова
Жұпар Нурланова
2020-03-11T03:53:38.000000Z
Барлық 2-кезеңге өткен мұғалімдерді құттықтаймын! Өзіме де, сіздерге де сәттіллік тілеймін.
Назира Сыздыкова
Назира Сыздыкова
2020-03-11T03:46:14.000000Z
Сәлеметсіздер ме, әріптестер! Екінші турға өткендерге сәттілік!
ЕРЖАН МӘННАН
ЕРЖАН МӘННАН
2020-03-11T03:40:36.000000Z
қатысушылар тізімінен өзімді тапқанымы өте қуаныштымын!
Алмат Батаев
Алмат Батаев
2020-03-11T03:40:08.000000Z
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін. Екінші турға өткен әріптестеріме "Сәйгүлік додаға түскен сайын шыңдалады" дегендей мәртебелеріңіз арта берсін, сәттілік тілеймін, ал тізімге енбей қалған әріптестеріме өмірдің ағы мен қарасы бірге жүреді, жеңіс бар жерде, жеңіліс бар. Келесі жолы СІЗ жеңесіз!!! 22 - Наурыз Жана жылдарыңызбен!!!
ЕРЖАН МӘННАН
ЕРЖАН МӘННАН
2020-03-11T03:25:35.000000Z
бірінші кезеңге қатысқандарға сертификат болады ма?
Татьяна Сарсенова
Татьяна Сарсенова
2020-03-11T11:18:31.000000Z
Сәлеметсіз бе! Байқау ұйымдастырушылары табыстайтын Алғысхаттар тек байқаудың екінші кезеңіне өткен және байқау талаптарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға беріледі.
Куанышкул Дуйсенова
Куанышкул Дуйсенова
2020-03-11T03:20:02.000000Z
ІІ турға өткен әріптестеріме өзіме сәттілік тілеймін.
НАЗИГУЛ РЫМХАН
НАЗИГУЛ РЫМХАН
2020-03-11T03:12:29.000000Z
Cәлеметсіздер ме? Bilimland ұжымының қызметкерлері!Жұмыстарыңызға табыс тілеймін мұғалімге өте көп көмек көрсетіп, отырсыздар. Мен барлық сайтты сабақтарымда қолданамын. Өкінішті өтпей қалдым. Қандай қателік кеткенін білу мүмкін емес екен. Екінші кезеңге өткен барлық әріптестерге шығармашылық табыс тілеймін!!!

Ұқсас мақалалар

Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан - Bilimland.kz Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан
28.01.2021
«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды! - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды!
21.01.2021
Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ» - Bilimland.kz Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ»
15.01.2021