«Astana Bilim Lab» Ресурстық орталығы

«Astana Bilim Lab» Ресурстық орталығы

Ресурстық орталық 2015 жылы маусымда ашылды. Орталықтың басты мақсаты – Астана қаласының мектеп мұғалімдеріне білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды, Bilim Media Group инновациялық компаниясының электронды оқыту ресурстарын қолдану бойынша  семинарлар мен тренингтер өткізу. Ресурстық орталық  заманауи озық техника құралдарымен жасақталған: Apple компаниясының iMac дербес компьютерлері, Android операциялық жүйесіндегі Polipad интерактивті планшеттері, Windows 8 операциялық жүйесіндегі құрамалы нетбук (планшет+пернетақта). Сонымен бірге ресурстық орталық интерактивті тақтамен және интерактивті дисплеймен жабдықталған.

Орталық өз қызметін 2015 жылдың 4 маусымында алғашқы «Білім берудегі жаңа технологиялар» тақырыбындағы екі күндік тренингпен бастады. Бұл тренингті Apple компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі «Azbiz Kazakhstan» ЖШС-нің қызметкерлері өткізді. Тренингке Астана қаласы орта мектептерінің ағылшын тілі пәнінің 30 мұғалімі қатысты. Тренинг нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар берілді.

Оқыту орталығында 22-24 маусым аралығында Астана қаласындағы 76 мектептің директорларына арналған «Инновациялық электронды оқыту ресурстарын қолдану теориясы мен практикасы» атты семинар өткізілді. Осы мектептер Астана қаласы Білім басқармасының арқасында Bilim Media Group компаниясының онлайн білім беру ресурстарына жазылым алды. Және білім беру  мекемелерінің қызметкерлерін инновациялық білім беру ресурстарына қосу, олармен жұмыс істеуге дайындау  және оларды пайдалану жөніндегі жобаға қатысады. Яғни, жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын «iTest» электронды онлайн-кешені (тренажер), бастауыш мектепке арналған «iMektep.kz» мультимедиялық онлайн курстар жинағы, мектепке дейін және мектептік білім беру бойынша «BilimLand.kz» интерактивті электронды онлайн - жинағы. Осы семинарда оқу орталығының барлық мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар Bilim Media Group компаниясының барлық ресурстары таныстырылды. Онлайн білім беру саласындағы әріптестік, BilimLand.kz порталында ұсынылған сапалы материалдарды мектеп мұғалімдері тарапынан тиімді пайдалану туралы талқылаулар маңызды болды. 

Алдағы уақытта Астана қаласының педагогикалық ұжымдарын білім беру саласындағы инновациялық технологияларды пайдалану бойынша тренингтер мен семинарларды тұрақты өткізіп тұру жоспарланып отыр.

 


Татьяна Альбертовна Сарсенова

онлайн-ресурстары бойынша үйлестіруші

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 12:07
Көптеген жаңа технологиялармен танысып, өзімізге қажетті материалдарды алып, қолданып жатырмыз. Көп рахмет!