BILIMLAND БАҰО ӨРЛЕУДЕ

BILIMLAND БАҰО ӨРЛЕУДЕ

Бұл шараның мақсаты – алдағы уақытта онлайн ресурстар бойынша мұғалімдермен жұмыс жүргізетін тренерлерді дайындау. Семинар-тренингтерді Bilim Media Group компаниясының цифрлық білім беру ресурстары бойынша жетекші тренерлер өткізеді.

Семинар-тренингтер 21 ақпанда басталды, наурыз айының аяғына дейін (2018 жыл) «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ барлық филиалдарында өтеді. Алғашқы семинар-тренингтер Алматыда өтті. Содан кейін Алматы облысында, Таразда, Қарағандыда, Шымкентте жалғасын тапты. Аталған семинарларға қатысушылар интернеттегі пайдалы ақпарат көздерімен, BilimLand цифрлық білім беру ресурстарымен танысты. Тренингтің тәжірибелік бөлімінде қатысушылар теориялық материалдарды өз беттерінше тәжірибеде қолдануға бейімделді. Тренинг соңында қатысушыларға Bilim Media Group компаниясының сертификаттары табысталды. 

Bilim Media Group компаниясы БАҰО Өрлеумен ынтымақтастық байланысты жоғары бағалайды. Қазіргі заманғы интерактивті технологиялардың мүмкіндіктеріне негізделген білім берудің болашағы жарқын, бағыты анық.