BilimLand сайты – білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы жетекші білім беру платформаларының бірі. Платформа отыз мыңнан астам интерактивті сабақтан құралған, яғни цифрлық материалдардың ең үлкен қоры осы жерде жинақталған. BilimLand ұжымы платформа материалдарын тек ұсынып отырған жоқ, үнемі жаңартып, толықтырып та отырады.
Сайтымызға кейіннен қосылған жаңа ресурстың бірі – орыс тіліндегі аудиохрестоматия. Курс әлем әдебиеті жауһарлары мен орыс классиктері шығармаларының бірегей топтамасынан құралған.
Осы жаңа курс сайтымызға қосылғалы бері біздің пайдаланушыларымыздан курс материалдарын ҚР мектеп бағдарламасына сәйкес шығармалармен толықтыру туралы ұсыныстар толассыз келіп тұрды. Ал бүгін біз сіздерге жаңартылған, ҚР мектеп бағдарласы шығармаларымен толықтырылған Аудиохрестоматия курсын ұсынғалы отырмыз.
Курс материалдарын толықтыру жұмыстары Алматы қаласындағы М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры әртістерімен бірлесіп жүзеге асырылды. Әлем және орыс әдебиетінің 204 шығармасын театр әртістері дыбыстады. Компания тарапынан редакторлар, суретшілер, инженерлер және дыбыс инженерлері осы жобаға қатысты. Берілген шығармалар Қазақстан Республикасы мектеп бағдарламасына сай таңдалды.
Толықтырылған, жаңартылған курс тек оқушы үшін ғана емес, жалпы көзі қарақты оқырман үшін де пайдалы болады деп үміттенеміз. Сөз өнерін қадірлеп, әлем мәдениетіне бейжай қарамайтын оқырман талғамынан шығамыз деп сенеміз.