BilimLand және Lenovo «Солнышко» балалар үйіне тарту жасады

BilimLand және Lenovo «Солнышко» балалар үйіне тарту жасады

Бүгінгі күнде цифрлық технологиялар мен әртүрлі интернет-ресурстардың қарыштап дамуы көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Ең маңыздысы – білім алушылардың үйлерінен шықпай-ақ білім ала алатындығы.

Жыл сайын осындай білім беруші цифрлық материалдардың көптеп пайда болуы білім беру сапасын көтеріп қана қоймай, сондай-ақ білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттырып жатыр. Алайда, білім алушылардың барлығында жылдам интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ, ал интернет – цифрлық материалдарды игерудегі басты құрал.

Осындай қиыншылықтармен таныс Bilimland ұжымы әріптес Lenovo компаниясымен бірге «Солнышко» балалар үйінде өткен мерекелік шараға қатысты. Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада балалар үйінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Біздің ұжым тобы аталған ұйымның әр қызметкерімен жеке танысып, балалар тәрбиесімен нағыз мамандар айналысып жатқанына көз жеткізді.

Мерекелік концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін біздің ұжым әріптестермен бірлесе отырып балалар үйі тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады. Тәуелсіздік күніне және келе жатқан жаңа жыл мерекесіне тарту ретінде 5 планшет-компьютер BilimBook сыйға тартылды. Бұл құрылғыда баланың білім мен қиялын шыңдайтын BilimLand цифрлық оқыту ресурстары толық орнатылған. Ең маңыздысы, құрылғыдағы цифрлық ресурстарды офлайн режимде, яғни интернетсіз пайдалануға болады.

Балалар мен тәрбиешілер күтпеген тосынсыйға ерекше қуанды. Ал еліміздің болашағы – балалардың қуанышы бізді де марқайтты. «Жақсылықпен бөліссең, көбейеді» - дейді дана халқымыз, сыйға тартылған планшет-компьютерлердің игілікті істерге бастау болатынына сеніміміз мол. Bilimland.kz ұжымы игі істер тізбегін мұнымен тоқтатпайды, сапалы білім беру үшін ізденіс жұмыстарын жалғастыра бермек.

0Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу