Инновациялық компаниялардың білім беру құралдары

Инновациялық компаниялардың білім беру құралдары

16-24 сәуір аралығында Bilimland ресурстары және Microsoft құралдары бойынша жетекші мамандар еліміздегі мектептерде білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жайлы тренингтер жүргізді. Қазақстанның 30 мектебінің ұстаздары білім берудегі жаңа цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен танысып, жаңа технологиялар туралы білімдерін жетілдіре түсті.

Тренингтерде педагогтар мен мектеп қызметкерлері жаңартылған Bilimland ресурстарымен ғана емес, ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Мicrosoft компаниясының оқыту құралдары жайлы да ақпарат алды. Windows 10 операциялық жүйесімен танысып, Мicrosoft office бағдарламаларын оқыту процесінде қолдану жайлы мәлімет алды. Тренингке қатысушы педагогтар аккаунттар ашып, Мicrosoft Educatior Communitу бүкіләлемдік мұғалімдер қауымдастығымен танысты. Сондай-ақ, білім берудегі Minecraft Education Edition ойынынан хабардар болды.

Bilim Media Group компаниясы әлемдік цифрлық технологиялар көшбасшыларымен ынтымақтастық қатынастар негізінде Қазақстан білім беру саласын цифрландыру бағытында осындай ауқымды шаралар жүргізуін тоқтатпайды. Себебі еліміздегі білім сапасын цифрлық технологиялар арқылы арттыратынымызға сеніміміз мол.