BilimLand компаниясы 2021 ж. 5 сәуір – 26 сәуір аралығында OnlineMektep платформасын қолданатын барша мұғалімдер арасында «Online Mektep-тегі менің сабағым» байқауын өткізген болатын. Байқау нәтижесі 4 мамыр күні қорытындыланып, үздік атанған 4 жұмыс авторы анықталды.
Байқау екі турдан тұрды. Алғашқы турда ең көп лайк жинаған 30 жұмыс (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін 20 интерактивті сабақ және орыс тілінде оқытатын мектептер үшін 10 интерактивті сабақ) таңдалып алынса, байқаудың екінші турында сол 30 жұмыстың арасынан Bilimland әдіскерлері интерактивті сабақтың көрнекілігі, бірегейлігі, сауаттылығы және сапасы бойынша бағалап, байқау жеңімпаздары анықталды:
- Нұрмұхамед Медет Нұрмұхамедұлы «№ 102 ЖБМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- Қожахметова Оралсын Жолдасбаевна «№ 15 ОМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- Митрохина Светлана, «Ә. Молдағұлова атындағы № 29 ЖОБМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;
- Бейсембаев Рауан Серикулы, «№ 2 Қосшы орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі.
Одан бөлек, жұмысы 50 және одан да көп лайк жинаған байқауға қатысушыларға Ереженің IV тармағына сәйкес электрондық сертификаттар беріледі. Байқаудың II турына өткен қатысушылар да электрондық сертификаттарға ие болады.
Байқауының жеңімпаздары арнайы Дипломмен марапатталып, жүлде ретінде BilimBook mini планшеті табысталды. Байқау ұйымдастырушыларына жеңімпаздардың бірі – «№ 2 Қосшы орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі Рауан Серікұлы Бейсембаевты құттықтап, сыйлық пен Диплом табыстауға мүмкіндік туды.
Жеңімпаздарға, сонымен қатар, барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!