ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 46 ОҚУШЫ ХХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 46 ОҚУШЫ ХХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ХХІ халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында қазақстандық 46 оқушы жүлдегер атанды. Олар халықаралық IMO олимпиадасына қатысу үшін ҚР ұлттық құрамасына кіру мүмкіндігіне ие болады.

«Жібек жолы» олимпиадасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде офлайн форматта өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Әзербайжан, Қытай, Тәжікстан және Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан басқа да елдерден жүздеген мектеп оқушысы қатысты.

«Биыл «Жібек жолы» математикалық олимпиадасына 10 елдің командасы қатысты. Қазақстаннан 7-11 сынып аралығындағы 136 оқушы қатысты. Олардың барлығы «Математика» пәні бойынша 2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының және республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық және қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. «Жібек жолы» олимпиадасының қорытындысы бойынша ұпайлар жеңімпаздарға Халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) қатысу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына кіруге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», - дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Айта кетейік, олимпиаданы әр ел өз аумағында өткізген болатын. Алайда, барлық мемлекеттен келген зияткерлік жарысқа қатысушылардың қорытынды нәтижелерін Қазақстанда болған қазылар алқасы қарады.

Олимпиада нәтижесі бойынша 8 оқушы I дәрежелі, 14 оқушы II дәрежелі және 24 оқушы III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бұл дипломдар университеттерге түсу кезінде артықшылық береді. Мысалы, егер үміткерлер бірдей ұпай жинаса, онда басымдық құқығы олимпиадашыға беріледі.

Еске сала кетейік, 2021 жылы қазақстандық зияткерлер Халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында 3 алтын, 19 күміс және 27 қола медаль жеңіп алған болатын.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ