Студент-практиканттар Астана мектептерінде Online Mektep платформасын қолданып, ашық сабақ өткізді.

Студент-практиканттар Астана мектептерінде Online Mektep платформасын қолданып, ашық сабақ өткізді.

    Қазіргі уақытта студенттердің психологиялық-педагогикалық тәжірибесі  өткен жылдар тәжірибесінен көптеген аспектілер бойынша ерекшеленеді.Атап айтқанда, қазіргі студент-практиканттардың ақпарат пен жаңа технологияларға қолжетімділігі жоғары, бұл оларға оқытудың инновациялық әдістері мен цифрлық білім беру ресурстарын өз жұмыстарында пайдалануға мүмкіндік береді.

    Мәселен, 2023 жылдың 16 қаңтары мен 22 сәуірі аралығында Астана қаласындағы №75 мектеп-гимназиясында Еуразия ұлттық университетінің «6В054 – Математика және статистика» мамандығының 3 курс студенттері психологиялық-педагогикалық тәжірибеден өту кезінде өз сабақтарында  әртүрлі СОР және заманауи оқыту әдістерін белсенді түрде қолданды.

    Мысал ретінде, 3 тоқсанның соңында студент-практиканттар «Online Mektep» платформасының ресурстарын пайдаланып, ашық сабақ өткізді.Болашақ мұғалімдер мен олардың шәкірттері платформаның цифрлық сабақтары арқылы жаңа тақырыпты өтіп, теориялық материалды зерделеп, сайттағы интерактивті тапсырмаларды орындады және оқушыларға кері байланыс берілді. Оқушылар ерекше қызығушылықпен белсенді қатысқан  сабақ мазмұнды  әрі қызықты өтті.

    Студенттер Bilimland ресурстарын пайдалану тәжірибені технологиялық тұрғыдан озық әрі  оқушыға бағытталған жекелей жұмыс  ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.