«Жаңашыл мұғалім-2020» байқауы

«Жаңашыл мұғалім-2020» байқауы

2019 жылы 11 желтоқсанда шығармашыл әрі жаңашыл ұстаздарға арналған республикалық «Жаңашыл мұғалім-2020» байқауы басталады. Байқаудың мақсаты – білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытып, қолданысқа енгізіп жүрген мұғалімдерге қолдау көрсету және олардың әлеуметтік және кәсіби беделін қалыптастыру. Байқаудың басты шарты – оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдалану, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру мен тәрбиелеуде BilimLand ресурстарын ұтымды қолдана білу.

Байқаудың жүлде қоры – 2 500 000 теңге.

Байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға бастауыш және орта білім беретін, сондай-ақ арнайы орта білім беретін оқу орындарының оқытушылары қатысады. 

Биылғы жылы балабақша мен мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың тәрбиешілеріне жаңа аталым бойынша байқауға қатысуға мүмкіндік берілді.

Байқау 2 кезеңнен тұрады және 5 аталым бойынша өтеді: 

  • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технология;
  • Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технология;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықта қолдану;
  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технология;
  • Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технология.

Жеңімпаздар оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында ресми түрде марапатталады, сондай-ақ олардың аты-жөндері сайттағы (bilimland.kz) блогымызда жарияланады. 

Bilimland.kz білім беру платформасын белсенді пайдаланатын білім және тәрбие беру мекемелерінің барша қызметкерін байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқау туралы жаңалықтарды bilimland.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан (vk, facebook, instagram) оқи аласыздар.

Байқау талаптарымен мұқият танысып шығыңыз

Пікірлер162

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
66malika@mail.ru
66malika@mail.ru
2020-05-29T19:02:21.000000Z
сәлеметсіздер барлық мқғалімдерге сәттілік
Рина Худас
Рина Худас
2020-03-10T05:57:26.000000Z
Сәлеметсіздерме. Осы сайысқа менде қатысу үшін өзімнің сабақжоспарымды жіберген едім. Бірақ шыққан тізімнен өзімді таба алмадым. Екінші кезеңге өтпей қалуымның себебін білуге бола ма?
Татьяна Сарсенова
Татьяна Сарсенова
2020-03-10T09:27:13.000000Z
Сәлеметсіз бе! Себебі жұмысыңыз байқаудың талаптарына сәйкес емес.
Қайырбек Кенжәлиев
Қайырбек Кенжәлиев
2020-03-09T15:06:42.000000Z
Сәлеметсіздерме!!! Керемет ұйымдастырылған сайыс. Қатынасушы ұстаздарға сәттілік тілеймін. Келесі жолы жас ұстаздарға да осы секілді сайыстар ұйымдастырылса екен деймін.
Татьяна Сарсенова
Татьяна Сарсенова
2020-03-10T10:54:52.000000Z
Ұсынысыңызға рақмет!
Айкульсын Жунусова
Айкульсын Жунусова
2020-03-03T18:32:34.000000Z
Bilimland мұғалімдерге жақсы әдістемелік көмек, ағылшын тілі пәні бойынша айтатын болсам: 1.Меңгерілетін тақырыптар бойынша жан-жақты жаттығулар ұйымдастыруға мүмкіндік береді 2.Тілдік әрекеттерді толық қамтуға болады 3.Білім алушы өзін-өзі тексере алады, белсенділік таныта алады Айта берсең жақсы жақтары өте көп. BMG ге көөп рахмет!
НАЗИГУЛ РЫМХАН
НАЗИГУЛ РЫМХАН
2020-03-03T12:18:18.000000Z
Сәлеметсіздер ме? Байқауға қатысқан мұғалімдерге Алғыс хат, сертификаттарды барлық қатысушыларға беріле ме?
ЛЯЙЛА ТУРСЫНБЕКОВА
ЛЯЙЛА ТУРСЫНБЕКОВА
2020-02-27T16:44:18.000000Z
Сәлеметсіздер ме?! Керемет ұйымдастырылған сайыс! Сәттілік серігіміз болсын!
sagyz.36 Некесова
sagyz.36 Некесова
2020-02-26T17:35:59.000000Z
Байқау қорытындысы шықты ма
АҚЖАН ТАМАЙ
АҚЖАН ТАМАЙ
2020-02-27T05:11:46.000000Z
Сәлеметсіз бе! Байқаудың 1-кезеңінен өткен қатысушылар тізімі bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында 2020 ж. 10-наурызда жарияланады.
sagyz.36 Некесова
sagyz.36 Некесова
2020-02-26T17:34:38.000000Z
Байқау қорытындысы шықты ма?
АҚЖАН ТАМАЙ
АҚЖАН ТАМАЙ
2020-02-27T05:11:58.000000Z
Сәлеметсіз бе! Байқаудың 1-кезеңінен өткен қатысушылар тізімі bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында 2020 ж. 10-наурызда жарияланады.
ШОЛПАН ТЛЕГЕНОВА
ШОЛПАН ТЛЕГЕНОВА
2020-02-26T15:46:51.000000Z
Bilimlandті кнделікті сабағымда қолданамын. Керемет! Байқаудың бірінші кезең қорытындысы қашан шығады?
АҚЖАН ТАМАЙ
АҚЖАН ТАМАЙ
2020-02-27T10:16:00.000000Z
Сәлеметсіз бе! Байқаудың 1-кезеңінен өткен қатысушылар тізімі bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында 2020 ж. 10-наурызда жарияланады.
Аңсагүл Бахытбек
Аңсагүл Бахытбек
2020-02-26T05:39:31.000000Z
Сәлеметсіздер ме! Өтілетін тақырыпқа қатысты материалдарды үнемі пайдаланамын. Көп рахмет!

Ұқсас мақалалар

Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан - Bilimland.kz Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан
28.01.2021
«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды! - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды!
21.01.2021
Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ» - Bilimland.kz Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ»
15.01.2021